Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Марат БУТЕЕВ: Бізге өзгерістер керек

Мына жазбам Геройхан Қыстаубайдың 2016 ж. 16-тамызда
«МҰХТАР ТАЙЖАН КІМ?»,- деген жазбасына жазған комментім екен.
***


Марат Бутеев Мынаған не жоқ, арамызға килігіп деп қалмаңыздар. Аталы сөз айтып жатыр Қаба бауырым. Сондықтан бір-екі ауыз сөз қоссам.

Қаба айтады: «Қазіргі мақсатымыз Қазақ Елінің толық ТƏУЕЛСІЗДІГІ! »
Астын сызып қояйық.

Тәуелсіздік қалай келеді?
Иә күрес арқылы.
Қандай күрес?
Жолы көп. Революциялық – Ленин. Бейбіт, қантөгусіз – Ганди. Колонияның басқыншыға қарсы қарулы, қарусыз көтерілістері – Африка елдері. Әскерилер төңкерісі – Пиночет, Түркия т.т. Сарай төңкерісі – мұның да мысалдары көп. Және ең соңғы тәсілі – интернгет желісі арқылы жақтастарын жинап, белгіленген бір күні басты алаңға шығып төңкеріс ұйымдастыру – Мысырдағы төңкеріс т.б.

Біздің кең-байтақ даламызда, Халқы шашыраңқы жайғасқан, демократияны тек кітап арқылы білетін, азаматтық қоғамы 140 бөлікке бөлінген, қазақтың өзін, оның гендік түйсігіндегі өзіндік қорғану қабілетінен (инстинкт самосохранения) жүйелі түрде айырған біздің кең-байтақ елімізде осы айтылған билік ауыстыру түрлерінің қайсысы орын алуы мүмкін?

Бұл бағытта пікір алмасу тұрмақ, ойлаудың өзі қылмыс деген таптаурын ұғым (стереотип) қалыптасқан мемлекетте тұрып жатқанымыз бәрімізге аян. Осындай жағдайда елімізде Президент өзінің орнына мұрагерін отырғызып, елде еш дүрбелең туғызбай, бейбіт билік ауысуын қалайтын жұрт көпшілік. Бірақ, одан халықтың жағдайы жақсарып, қоғамның өзгеруі екіталай.
Себебі, мұрагер деген сөздің өзі айтып тұр. Жақсы адам болса – өзгереді, дейтіндер де бар. Жеке алып қарасаң, жаман адам жоқ. Әр адамның айналасындағы таныстары, туыстары, жора-жолдастары өздері араласып жүрген адамдардың арасынан кімді «жаман адам» дейді? Басым көпшілігі бірін-бірі жақсы дейді, жақсы жағын айтады. Ең бір алқаштың өзін қазақ «жаман» деуге қимай: «Бұл өзі жақсы адам, бірақ арақ құртып жатыр» – дейді.
Соңғы жылдары жәй адамдарды айтпағанда, қаншама әкім-қара, министр мен шенуіктер қараланып-сотталды?

Досқалиев, Күлекеев, Арын, Жақиянов тізімге жүзден аса адамды тізуге болады. Ішінде оқымысты ғалым да, діндар да, жәй мұғалім мен жұмысшы да бар.
Қоғам дұрыс емес.
Қоғамға деген көзқарас дұрыс емес.
Қоғамдық қарым-қатынастарды реттеп отырған мемлекеттік жүйе дұрыс емес.
Мемлекеттік жүйе бұндай кемшіліктің бәрін, керісінше, жеке адамға, оның отбасына, өскен ортасына артып қойып, тек соларды кінәлап отыр. Соңғы жылдары барлық кемшілікті «діни экстремизм мен радикализмге» жаба салу модаға айналды.
Бұл айтылған мәселер еліміздегі тек қоғамдық-әлеуметтік саладағы түйткілдер. Экономика, саясат, мәдениет, денсаулық, ішкі-сыртқы көші-қон, т.т. саладағы «жырларды» айтпағанда…

Қазақ Еліне өзгерістер қажет.
Қандай жолды таңдаймыз?

Міне, ең қиыны осы. Мыңдаған пікірді тоғыстыра алатын лидер кім? Оның қарым-қабілеті қандай болуы керек? Сұрақ көп. Әр сұрақтың астында тонналаған жауапкершілік. Қай адам осыны ұғына алады, жауапкершілікті мойнына жүктейді, халықтың сөзін тыңдай алады, еліміздегі түйткілдерді тізбектеп түгендеп, шешу жолдарын ұсына алады, Кім мына Т.Мұқтар мен Қ.Геройхан сиақты пікірталаста көпшілікке өзін мойындатып, соңынан ерте алады, міне сол – лидер. Ал лидердің өз кезегінде ССапарғали айтып жүрген ұйымы немесе сондай ұйымның мүшесі, не басшысы болуы керек. Қазір екеуінде де амбиция бар, басқа ештеме жоқ. Бұны мойындау керек. PS. Бұларды өстіп, сынап, сөздерін саралап, істерін талдайтын да адам керек.

***

Осы постқа да міне екі жыл болыпты.

Бүгінгі күнге 2018 ж. 17-тамызына НЕ ӨЗГЕРДІ???

Қазақ елі бір жолды таңдады ма? Жоқ.
Қазақ елінің басы бір ұйымға, қозғалысқа бірікті ме? Жоқ.

Не істейміз, ағайын?!

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*