Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Құқықтық тәрбиенің маңызы зор

Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – жасөспірімдердің құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – жасөспірімдердің құқығының мәдениеті. Жасөспірімдердің құқықтары туралы ақпаратпен оқушыларды жүйелі түрде қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру ұйымдары.

Қоғамның ең өзекті мәселелері­нің бірі – қылмыстың, құқықбұзу­шы­лықтың алдын алу. Мектебімізде жасөспірімнің азаматтық, пат­риоттық, адамгершілік, салауат­тық, құқықтық, мәдени, шығар­машылық қасиеттерін дамыту және қалыптастыру үдерісі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді. Құқықтық тәрбие беру жасөспірімді жан-жақты тәр­биелеудің бір саласы. Құқықтық тәрбие мақсаты – оқушыларда құ­қықтық мәдениет пен құқықтық іс-әрекет қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.

Жастарды құқықтық сауаттылық­қа тәрбиелеу олардың қылмысқа ұрын­бауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамда пайдалы іспен шұғылдануына жәрдемдеседі. Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азамат болып қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Мектеп қабырғасында адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжым­шылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру мектеп ұжымының міндеті.

Мектебімізде оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап, олар­дың бойында құқықтық мәде­ниетті қалыптастыру мақсаты көзде­леді. Құқықтары мен міндеттері тү­сіндіріліп, лездемелерде мектеп ережесіне сай нақты талаптарды оындау керектігі үнемі ескертіле отырып, қандай жағдайда да құ­қықтары қорғалатындығы айтылады. Жыл сайын мектеп үрдісінде оқу жылы басынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп директоры Г.Кульбаева, мектеп әкімшілігі, ата аналар қауымдастығы, сынып жетекшілері, округ әкімі мен ювеналды полиция инспекторымен бірлесе отырып, кеңес құрылып, кезекшілік кестесі жоспарланды.

Кеңестің басты мақсаты – тәрбиеленушілердің құқықтық санасын кеңейту, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру және құқықтық тәрбие саясатын жүргізу. Мектеп психологы мен әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері оқушыларға психологиялық-пе­дагогикалық зерттеу жұмысын, жас ерекшелігіне сәйкес түрлі сауалнамалар мен диагностикалар жүргізеді. Аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық­тық жалпы оқыту тақырыбында апталықтар, айлықтар, іс-шаралар жоспарланады. Аталған іс-шараларда мектеп оқушылары белсене қатысады, өз жауапкершіліктерін сезіне­ді. Аудандық прокуротураның қызметкелерімен ай сайын құқық­бұзушылықтың алдын алу тақы­ры­бында дәріс оқылады, тақырыптық видеороликтер көрсетіледі. Мұндай дәрістер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруда көп көмек береді.

Бейбітгүл ТҰТҚАБЕКОВА,
№1 орта мектептегі
«Жас заңгер» үйірмесінің жетекшісі

Алматы облысы
Іле ауданы
Қоянқұс ауылы

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*