Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Интернеттегі алаяқтардан қалай қорғану керек?

Бүгінде қоғамда кибералаяқтардың көбейгені соншалық, олардан алданып, сан соғып қалғандар аз емес. Әсіресе, интернеттегі қулар танымал сауда алаңдарын жиі пайдаланатын көрінеді.

 

«Алаяқтар www.kolesa.kz, www.adi.kz, www.olx.kz, www.dogovor24.kz сайттарымен бірге, «Facebook», «ВКонтакте», «Mail.ru», «Одноклассники», сондай-ақ, «WhatsApp», «Telegram», «Instagram» әлеуметтік желілерін пайдалану арқылы әртүрлі тауарларды, өнімдерді сатуға, тіпті белгілі бір қызмет түрін көрсету туралы жарнама орналастырады. Алдын-ала Qiwi-әмиянға, түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді, кейіннен шот иелері тексерілген кезде олардың өзге адамдардың атынан тіркелгендері белгілі болады. Алдын-ала төлемін алған алаяқтар кейбір жағдайда құрбандармен кез келген уақытта байланыста болады»,-дейді Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен ғаламтордағы алаяқтардан қорғанудың алты жолын назарларыңызға ұсынамыз:

1. Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз;

2. Кез келген жағдайда, банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе, интернет арқылы байланысқан кезде;

3. Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз;

4. Интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз;

5. Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;

6. Басқа қаладан автомобильдерді, қосалқы бөлшектерді сатып аларда, достарыңыз бен таныстарыңыздан сатушымен алдын-ала кездесуді және өнімді тексеруді өтініңіз.

Айқара Ғұмар

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*