Nukte.kz > Кеңес > Мақала мазмұны

Алакөлдің атауы қалай шықты?

Жаз шықса қаладан қашып Алакөлге барып демаламыз. Бұл менің жылдағы өзгеріссіз дәстүрім. Көл атауын моңғол және түрік тілдерінен аударғанда «Ұлы көл» немесе «Таулы көл» деген мағына береді сияқты деректер әр жерлерде кездеседі.

Ала көл! Алакөлді көрмегелі қай заман?! Сәл жел тұрса шарадағы қымыздай көбігі сынып, бейне көл бетіне сан мың аққу қонып отырғандай ап-ала боп жатушы еді. Сол көрініске ата қазақ Барлықтың жотасына шығып қарап тұрғанда, «Алакөл» деп ат қоя салған. Әттең дүние-ай, өзің туып өскен сол көлдің жайсаң жағалауын жау ойнағына беріп қойып, Қабанбай басыңмен тірі жүрсің-ау! Бұл Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романындағы Қанбайдың қапалы сөзі. Ол кезде көл қалмақтың қолында еді.

Осы әпсана көңілге қонымды. Расында да шипалы, тұзды көл ала болып тынып жатады. Сондықтан «Алакөл» аталса керек.

Санат НҰРБАЙ

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*

  1. : Ойға қонымды әпсана екен!
  2. : Дым түсінбедім?
  3. : "Ол кезде көл қалмақтың қолында еді." дейсіз, онды қытайлар Алакөлге ашық таласа алатын болды ғой, қытайлар жоңғарияны жоюшы ретінде өздерін жоңғарияның территориясының иегері санайды.
  4. : шығыстағы бес елдің тарихы деген кітабында Құрмағали Халиди былай деп жазады Абылайханның дәуірінде батыр және әскер басы болғандардың ішіндегі ең өресі биігі Қабанбай батыр еді 1726 Әйгілі Алакөл қақпасы1725"Әйгілі Алакөл" жеңісінен бастап 1750жылдардың соңында Жоңғар қақпасындағы жеңістердің барлығына Қабанбай басшылық жасаған жоңғарларға соғысқа 103рет кірген Мақала өте тартымды жазылған