Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Сары ауруға кім жауапты?

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы менің туған ауылым Шолпанда сары ауруға байланысты түсініксіз жағдайлар болып тұр. Былтырғы қыркүйекте 2 бала сары аурумен ауырған. Олар ауруханаға жатып келгеннен кейін оқшауланбай, одан 4 балаға жұққан. Кейін бұл сан 49-ға жеткен. Оның ішінде Индира Жәнібекованың да желтоқсанда қайтыс болған қызы да болған (бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының сайтында сол кезде хабарланды http://24.kz/…/211218-sh-o-da-sary-aurudan-6-synyp-o-ushysy…).

Бірақ оны ресми құзырлы органдар жасырып әлек дейді жергілікті тұрғындар. Кімнің болсын өз баласы өзіне қымбат! Оның үстіне баласы о дүниелік болып, қан жұтып отырса. Ханның баласы бала да, қараның баласы бала емес те сонда? Әлде шенеуніктерде бала жоқ па? Халық арасында «Сары ауру» деген атпен белгілі А гепатиты жұқпалы болғандықтан ауыл тұрғындары балаларын мектепке жіберуден қорқып, дабыл қаққан. Бірақ эпидемия жоқ деп Үржар ауданының әкімдігі – Акимат Урджарского района тарапынан мектептегі сабақты тоқтату туралы шешім қабылданбаған.

Оның алдында қазан айында бұл мәселе туралы «Хабар 24» телеарнасының тілшілері арнайы сюжет те түсірді (https://www.youtube.com/watch?v=JxmxBz_kfAI&feature=youtu.be). Енді кеше аурудың көбейгенінен осы телеарна тағы да жаңалықтардан көрсетіп, мәселе көтерген еді (https://www.youtube.com/watch?v=mk7wsVh3PZs&feature=youtu.be).

Сол ауылдағы Жүзағаш орта мектебінде 180-нің айналасында оқушы бар. Ауыл тұрғындарының айтуынша оның 49-ы осы сары аурумен ауырған. Сонда пайызға шақсаңыз 27 болып тұр. Бұл туралы бүгін Zakon.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап жазған болатын (https://www.zakon.kz/4898870-polsotni-detey-zaboleli-gepati…).

Бірақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті https://web.facebook.com/kooz.mz.gov.kz/ оны жоққа шығарып тек 12 бала ғана ауырған деп өз ресми парақшасына жазды және оны Zakon.kz-ке түсіндірме ретінде хабарлаған (https://www.zakon.kz/4899022-v-minzdrave-rasskazali-o-gepat…).

Ескеретін маңызды мәселе: бұл ауылға бірнеше рет БАҚ-та дабыл қағылса да облыс орталығы Өскеменнен де, Астанадан да ешқандай ресми тексеріс бармаған.

Тіпті ресми ақпаратқа қана сендік десек те қазан айында ауырғандар саны 4 адам болса, қазір 12-ге жеткен!!! Сонда аурудың өршігені болмаса ол азайып тұрған жоқ қой? Осындай қарқымен кететін болса, өздеріңіз есептей беріңіздер жағдайдың қалай болатынын. Әбден дабыл қағатын жағдай!!!

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Министерство здравоохранения Республики Казахстан басшысы министр Yelzhan Birtanov мырзаға осы мәселені қараса деп өтініш білдіреміз.

Серікқазы КӨКЕНАЙ

 

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Бибігүл: Егеменді ел бола тұрып, мынау деген не сұмдық. Соғыс болып жатса, бір жөн, медицина жетілген, егеменді елде отырып мынандайға жол беруге бола ма?... "Ауырғанын жасырған өледінің"-кері болды ма? Денсаулық сақтау министрлігі, СЭС Қайда қарап отыр. Сөз жүзінде қалдырмай, бір ауылды аман- сақтап ұалу керек қой. Құзырлы органдар Президентіміздің жолдауын іске асыруға ат салыспайды ма? Адам өміріне салғырт қарау деген не масқара?! Шұғыл көмектесулеріңізді сұраймыз! "Әр қазақ менің жалғызым"- дегеніміз қайда?
  2. Роза: Мен түсінбедім, "сіз гепатиттің А түрімен ауырасыз сіздің ауыруыңыз жеңіл түрі " дегені несі сонда бауыр өзі нәзік орган емеспе жеңіл түрі деп немқұрайлы қарап бір бала бақилық болды ол аз ба? Әлде көрсеткіш емес пе? Егер көрсеткіш керек десе айтыса бермей ақтала бермей ем дом жасап іске кіріспей ме? Қара xалықты қорқыта бермей. Әне көрші ауылда бір бала ауырса мектепті жауып тастапты карантинге. Біздің ауылдікі жеңіл түрі екен ауыр түріне көшкенін тосып отырған сияқты ғой. Жоғарыдағы басшылар кішкентай ғана қазақ ауылына қол ұшын берсеңіздер екен.
  3. Ержан: Жалпы Уржар ауданы жұмыс істемейді.Бәрін тығып көрсетпейді.Телеканалдан барса халыққа сөйлемеңдер, сұрақ қоймаңдар деп халықты тыйып тастайды екен.Содан соң халық еркін сөйлей алмаса қайдан шындық ашылсын жоғарыдағыларға.