Мешітте ұрлық жасаған адам ұсталды-Nukte.kz
Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Мешітте ұрлық жасаған адам ұсталды

ұры

Ұры мешітке келушілердің біріне тиесілі күртені киіп, қалтасындағы құжаттар мен ақшаларын жымқырып, оқиға орнынан жасырынған. Елорда полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 47 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

4 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында  қала тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу С. Рахимов көшесінде орналасқан мешіттегі киім ілетін орыннан күртесін жымқырып кеткені туралы арызбен жүгінген, оның қалтасында құжаттары мен ақшасы бар әмиян, ұялы телефон, автокөліктің кілті болған. Шығын көлемі 200 000 теңгеге жуық.

Ұры мешітке келушілердің біріне тиесілі күртені киіп, оқиға орнынан жасырынған.

Елорда полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізу барысында оның осыған ұқсас бірқатар ұрлық жасағаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті азаматтарды өз мүлкіне абай болуға және ұқыпты қарап, қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға шақырады.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*