KASE: Доллар бағамы 2,35 теңгеге құлдырады-Nukte.kz
Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

KASE: Доллар бағамы 2,35 теңгеге құлдырады

доллар

доллар

Жұма күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 330,38 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 2,35 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 329,82 теңге, ал ең жоғарысы  331,3 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 139,15 млн долларға жетті.

Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 332,73 теңге, күндізгі сессияда – 332,26 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 332,42 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 165,6 млн долларды құраған.

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*