Жаңа жыл туралы 7 мәлімет-Nukte.kz
Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Жаңа жыл туралы 7 мәлімет

Григориан күнтізбесі бойынша жыл басы 1 қаңтардан басталады. Көптеген елдер қазір осы тәртіппен жүреді және Қазақстан да ресми түрде осылай қарсы алады. Оған жыл сайын Тәуелсіздік күнінен бұрын құрылатын үлкен шыршалар дәлел болады. Сонымен қатар аста-төк дастархан жасалып, асқазанды тамақпен және арақпен зорлау науқаны болады.

Жаңа жыл

@jktl.ucoz.ru

Еврейше жаңа жыл «Рош ха-Шана» деп аталады. Қазақшаға аударғанда «Жыл басы» деген мағынаны білдіреді. Күзде Тишрей айында ай толысқанда екі күн қатарынан тойланады. Биыл бұл күндер қыркүйек айының 20-ның кешінен 22-нің кешіне дейін атап өтілген.

Ислам күнтізбесі бойынша жаңа жыл Мұхаррам айының кіруімен басталады. Григориандық жылдан 11-12 күнге аз болатын исламдық жыл. 2017 жылғы 22 қыркүйек күні 1439 жылдың басталған 1 мұхаррамына сәйкес келді.

Қытай елінде жаңа жыл 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығында қысқы ай толысу кезінде тойланады. Келесі қытайша жаңа жыл 2018 жылдың 16 ақпанында басталып, халық оны 7 күн дем алып тойлайды.

Иран елінде және көптеген түркі тектес халықтар Жаңа жылды 22 наурызда тойлайды. Біздің елде жаңа жыл деп шартты түрде ғана аталып, қатардағы мейрам ретінде аталып өтіледі. Жалпыхалықтық деңгейде әлі мойындалған жоқ.

Италияда бұл мейрамды 6 қаңтарда тойлайды және үйдегі ескі заттарды ырымдап, сыртқа лақтырып тастайды екен.

Иран, Израиль, Сауд Арабиясы және Үндістан сияқты елдерде 1 қаңтар аптаның демалыс күндеріне түспесе жұмыс күні болып саналады.

Нүкте.KZ

Бөлісу: 

Пікір 2

Міндетті*

  1. : Манғыстауда.онтөртінші.наурыз.жылдың.басы.амал
  2. : Ғалымжан