Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Ең ірі көлемде пара алатын мемлекеттік органдар белгілі болды

Қазақстандағы ең ірі көлемде пара алатын мемлекеттк органдар белгілі болды деп хабарлайды LS Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының сілтеме беріп.

“Деловой климат” ұйымдастарған зерттеудің нәтижесі бойынша, ең ірі көлемдегі пара кеден ісінде беріледі екен. Кеденде берілетін орташа пара көлемі 588 мың теңгеден 2,2 млн теңге аралығын құрайды. Екінші орында жер ісі саласы тұр. Бейресми деректер бойынша, бұл салада 539 мың теңгеден 2,1 млн теңге аралығында пара беріледі. Ал құрылыс саласында берілетін пара көлемі  699 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін жетсе, алып-сатуда 295 мың мен 1,2 млн теңге аралығында.

Ал ең аз мөлшердегі пара салық салу бағытында беріледі. Бұл жердегі орташа мөлшер 248 мың мен 923 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, салық салу саласы жемқорлық деңгейі төмен көрсеткішті көрсететін органдардың бірі.

Ал ең “жемқор” аймақтар қатарында Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*