Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Қоян

Бір қоян жылап сөйлейді:

«Дүниеде менен сорлы жоқ. Бәрі де менің соңымда. Аңшы да, ит те, қасқыр да, түлкі де, қаршыға да, бадырақ көз жапалақ та. Ең аяғы қарға да менің балаларымды алып жейді. Бұлайша кемшілікпен күн өткізгенше, өлгенім артық», — деп, жүгіріп өзенге кетті, суға түсіп өлуге.

Өзеннің жағасында отырған көлбақалар қоянның дүрсілінен қорқып, суға шолпылдап секіріп түсті.

Қоян оны көріп тұра қалып ойланды. «Менен де қорқатын жәндіктер бар екен, бекер өлмейін», — деп қайтадан ағашқа кірді.


Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. : Қоян құрлы жоқпыз. Қазақтар қорқа-қорқа басылып қалғанбыз. Ең болмағанда қоян сияқты ойланып ес жисақ қой.
  2. : Жақсы айттыңыз,алып-қосарым жоқ.
  3. : Керемет мысал екен