Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Алаңда «Менің Қазақстаным» әнін шырқадық

…Алаңда «Менің Қазақстаным» әнін шырқадық. Өзім де ән айтатын болғандықтан бар дауысыммен беріле шырқаймын. Қайта бастаймыз. Біреулерді алаңға келді, сөйлеп жатыр деді. Біреулер келуі керек деп жатты. Бір кезде дүлейі күшті толқу басталды. Қашып жатты адамдар. Өзімді игере алмадым. Ең соңында қалып кеттім. Алаң сиреп қалды адамдардан. Басыма дубинкамнен ұрғанда көзімнің алды қып қызыл қан жуып кетті де, есімнен танып қалдым.

Есімді жиып, басымды көтере бергенім сол еді, анадай жерде бір жігіттің басын тоқпақтаааап жатты жүн сабағандай. Тірі болса жынды болар, болмаса бір Алла біледі сол бір жігіттің жайын. Қайта соққының астына алды.

Бағым, көрер жарығым бар екен Екі қазақ офицері жас жігіттер екі қолтығымнан демеп тұрғызып алды да, «қарындас, проходящий адам сияқты өтіңіз. Енді келмеңіз бұл жаққа» деп айтып жатты. Мен былық, сылқ қолымды көтере алмаймын. Қолыма бір сумканы іледі ұстауға әлім жоқ. Екі әскери осылай мені құтқарып алаңнан шетке апарып салды. Қызыл белгі таққандар «такая моладая» деп бірнәрсе айтып жатты. Содан сүйрелеп отырып қазіргі әкімшілік ғимаратының алдында тізіліп тұрған автобустардың біріне апарды. Сонда, бірінші рет естідім. Бір әйел қазақтың жері оларға тряпка ма, деген әңгімелерді айтып жатты. Ал, қазақ милиция айтты. Сендерді басқармаға апармаймын. Басқа жерге апарып тастаймын. Бірақ, мына жерге қайтып келмеңдер» деп жатты…

Міне, осындай ұлтын сүйетін, шын жаны ашитын азаматтардың арқасында таяқ жеп соққы алсам да үйіме аман келдім. Басымнан өткендер менің жан дүниемді аударып түсіп, жаралады. Ол кез есіме түскенде көзіме жас келетіні рас. Бәріне сөйтетіні де түйсінемін.

Әлі, күнге «Менің Қазақстаным» шырқалғанда мен өзімді ұстай алмаймын көзіме жас үйіріле береді.

(ЗҮБӘЙРА АКИМОВА-ның жазбасынан)

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*