Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр

фурманов

Назарбаев даңғылынан алынып тасталған, ескі атау жазылған тақтайшалар қоқыс жәшігінде жатыр, деп жазады Sputniknews.kz Қоқыста жатқан тақтайшалардың суреті ВКонтакте желісіндегі «Типичная Алма-Ата» тобында жарияланған.

Жарияланған суреттің астындағы пікірлер арасында осы сәтті  пайдаланып, ескі атау жазылған тақтайшаларды естелікке алып қалайық деп ұсыныс айтқандар болды.

Естеріңізге сала кетейік, Фурманов көшесінің атауын өзгерту шешімі 30 қараша күні Алматы мәслихаты сессиясында қабылданған еді. Қала әкімі Бауыржан Байбек атап өткендей, зиялық қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қала тұрғындары, әсіресе жастар тарапынан Назарбаевтың есімін мегаполистегі басты көшелердің бірі Фурманов көшесіне беруді ұсынған.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*