Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Қазақстанда жаңа Бас прокурор тағайындалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор қызметіне Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

 Мемлекет басшысы бұған дейін Бас прокурор қызметін атқарып келген Жақып Асановтың кандидатурасын Жоғары сот төрағасы қызметіне ұсынды.

Жақып Асанов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне 2016 жылдың 26 сәуір айында тағайындалған болатын.

Ал Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметін өткен жылдың 13 қыркүйегінен бері атқарып келді.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*