Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

«Бауыржан шоу» 15 мың доллар ұсынған адамға тамада болмай қойыпты

бауыржаншоу

Бауыржан Ибрагимов той басқаруын сұрап, 15 мың доллар ұсынған азаматтың бетін қайтарған. Актер асабалық қызметті өз деңгейінен төмен санайды екен, – деп хабарлайды  Stan.kz.

«Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының бас директоры әрі актеры Бауыржан Ибрагимов 15 мың доллар беріп, той басқаруын сұраған адамның бетін қайтарыпты.

– Жақын күндері Ақтау қаласына той басқаруға шақырды. Олар 15 мың доллар беретінін айтты. Мен ұсыныстан бас тартып, бара алмайтынымды айттым. Той иелері бұл жауабыма таңғалды. Бұл менің беделімнен төмен. Біреудің алдында сүмірейіп микрофон ұстағанымнан, қара нан жегенім әлдеқайда жақсы, – дейді Бауыржан Ибрагимов.

Өз кезегінде желі қолданушылары актердің пікірін қолдап жатты. «Ақша емес, ары қымбат қой», – деп жазды желі қолданушыларының бірі. Десе де Ибрагимовтың сөзін астамшылыққа балап, сынағандар да болды.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*