Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Кәсіпқой боксқа ауысқан Ескендір Ибрагим қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық белгілі әнші Ескендір Ибрагим кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол кеше Мәскеу түбінде өткен кәсіпқой бокс кешінде алғашқы айқасын өткізіп, бірінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыздың қарсыласы қырғызстандық Шерғазы Шактанов болды.

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын. Алайда Ибрагим қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, Ескендір Ибрагим жарыстан бір күн бұрын ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп,  «енді көк туды кәсіпқой бокста желбірететінін» айтқан болатын.

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*