Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Қазақстанның жаңа Бас мүфтиі сайланды

бас мүфти

Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай қажы Оразұлы бірауыздан Бас мүфти болып сайланды- деп хабарлайды elorda.info.

Құрылтайға 300-ден астам делегат қатысты. Серікбай қажы Оразұлының кандидатурасын ұсынған бұрынғы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа басшысы алдағы 4 жылға сайланды. Яғни 2018-2022 жылдар аралығында қызмет атқаратын болады. Сонымен қатар Бас мүфти орынбасарлары лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы, Алау Əділбаев, Бауыржан Есмаханов сайланды. Дауыс беру рәсімінен кейін сөз алған Серікбай қажы Оразұлы » Таңдау солай болса, мен бұл міндетті атқаруға дайынмын», — деді.

Құрылтай жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және еліміздің әр облысынан келген өкілдер қатысты.+ Қазақстанның бұрынғы Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы өзі қызмет атқарған 2013-2017 жылдар аралығында іске асырылған жұмыстар жөнінде есеп берді

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*