Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Біз Президентпен біргеміз!

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ауқымды шараларды ұйымдастырып, өткізді. Қараша айының 17 –күні басталған мерекелік шаралар мектеп ішінде бірнеше бағытты қамтып, Елбасымыздың Көшбасшылық келбетін тереңірек тануға мүмкіндік туды. Тұңғыш Президент күніне арналған презентациямен ашылған мереке аясында 7 – 12 сынып оқушылары Назарбаев зияткерлік мектептері арасында өткен желілік эссе жазу сайысына қатысты.

Бұдан бөлек куратор сағаттарында «Біз Тұңғыш Президент саясатын қолдаймыз» атты ТЕДх форматындағы дөңгелек үстелде талқылау жүргізілді. Оған мектебіміздің 12 сынып оқушылары қатысса, тақырыптық кураторлық сағаттарда 7 -11 сыныптар белсенділік танытты.

28 қараша күні мектебімізге белгілді қоғам қайраткері, саясаткер Нұрбек Саясат келіп, шәкірттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай мектепішілік ТЕДх конференцияда өтіп, оған қатысқан 7,9,11 сынып оқушылары мақалада айтылған негізгі міндеттерді саралады.

Еліміз үшін маңызы зор мерекеде мектебіміздегі түрлі шаңырақ мүшелері де шет қалмады. Олар өздерінің кураторларымен бірлесе отырып, қаламыздағы «Дастан» кинотеатрына мәдени сапар жасап, Тұңғыш Президент жайлы түсірілген фильмді тамашалады. «Жүректен жүрекке» әлеуметтік жобасының аясында «Жидебай», «Ертіс» шаңырақтары «1 минутта жеңіске жету» (Минута на победу) интеллектуальдық шоуына қатысты.

8 сынып оқушылары үшін мектеп спортзалында «Спорт – болашақтың серігі» атты эстафета, 9 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін акт залында «Бірлігіміз жарасқан» атты интеллектуалдық шоу бағдарлама жоғары деңгейде өтті. 2 аптаға созылған мектепішілік шара 30 –қараша күні «Қазына» сауда үйінде «100 күй» жобасының аясында өткен «Ұлы дала мұрагерлері» атты желілік домбыра флешмобымен қорытындыланды.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіру, ұлттық өнерімізді насихаттау мен өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиетті сіңіруде басты мақсат етіп алған флешмоб соңғы 3 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Оған еліміздегі барлық Назарбаев зияткерлік мектептері қатысып, бір мезетте «Сарыарқа», «Балбырауын», «Келіншек» күйлерін орындайтын болады. Биылғы флешмобқа мектебіміздің 36 оқушысы мен ұстаздары, ата-аналары жиыны 50 адам қатысты.

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*