Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Өзбекстан халқы 32 миллионнан асты

өзбектер

Өзбекстан халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Бұл туралы ӨР Әлеуметтік статистика Мемлекеттік статистика комитеті төрағасының орынбасары Махмуджон Зиядуллаев айтты, деп хабарлайды Trend.

Ол елдегі халық саны бойынша деректерді айта отырып, соңғы 9 айдағы көрсеткіш бойынша Өзбекстанның халық санының 32,5 млн адамға жеткенін атап өтті.

Есептік кезеңде олардың 523 мыңы – жаңа туған сәби болса, 116 мыңы – өмірден озған. Некедегілердің саны 192 мың болса, ажырасқандар саны – 23 мыңнан асқан.

Қазіргі таңда Өзбекстанда тұрақты тұруға келгендердің көрсеткіші 120 мың адамды құраған.

Айта кетейік, ел президенті 2017 жылғы 31 шілдеде «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитетінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарғысын шығарған болатын.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*