Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Депутат кетті ауылға

Осылай десек, жарасар ма екен? Депутаттардың сессиясы бітіп, жазғы каникулға олар ел аралауға кетті деп жатыр. Бұрындары мандаттық сайлау жүйесі кезінде  әр депутат өз сайланған окугіне барып, халықпен сөйлесіп, хал-жағдайларын біліп қайтатын. Қазіргі партиялық сайлау жүйесіне көшкелі бері халық қалаулылары сайлаушылармен қалай араласып жүргені белгісіздеу болып тұр.

Мен білетін бір депутат Нұртай Сабильянов жазғы демалысы кезінде де, басқа уақыттарда да Семей өңіріне барып, халықпен араласып жүргенін білемін. Ал, басқалардан мүмкін біз білмейтін халық қалаулылары өздеріне бекітілген жерлерге барып жүрген болар.

Қазақстан халқы ассамблеясынан тағайындалған депутаттар қай жақтарды аралайды екен?

Жалпы партиялық тізіммен сайланған депутаттар қалай өңірлерге бөлінеді екен? Біздің редакция каникул кезінде осы жағдайды зерттеп көрмекші.

Бұл сұрақтың НҮКТЕСІН қоям дейтін адам табылып жатса, құба-құп демекшіміз.

Серікқазы КӨКЕНАЙ

Сурет: informburokz

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. : Депутаттар жыл бойы ұйықтап отырады. Ең болмағанда жазда халықты аралап, елге қызмет етсе екен.