Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Жергілікті бастамалар» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Жергілікті бастамалар
Грант иегерінің атауы: «КАМЕДА» Қоғамдық қоры
Грант атауы: Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті азаматтық қоғам институттарын дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту
Гранттың бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. Үкіметтік емес ұйымдардың шешімдер қабылдау үдерісіне ҮЕҰ-ның қатысуы және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру.
Жобаның мақсаты: Шағын қалалар мен ауылдарда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға шағын қалаларда және ауылдық жерлерде қолданыстағы ресурстық орталықтарының әлеуетін күшейту және жаңадан құру арқылы өз үлестерін қосу.
Жобаның міндеттері:
1.    Вебинарлар мен тренингтерді өткізу арқылы 7 РО серіктестері мен 44 ауылдық РО-дың сараптамалық әлеуетін күшейту, РО-ға кеңес беру, РО-дың әдіснамалық базасын нығайту, кейстерді әзірлеу, РО жұмысының стандарттарын және РО жұмысының бірыңғай көрсеткіштерін енгізу;
2.    ҮЕҰ құру, әлеуметтік кәсіпкерлік, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша ауылдық РО, ҮЕҰ / бастамашыл топтарды тұрақты негізде 7 ай ішінде кеңес беру;
3.    (14 тренингтен кем емес) ауылдық РО, ҮЕҰ / бастамашыл топтарға тренинг жүргізу арқылы оқыту;
4.    Жобаны жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізу.
Жобаның сомасы: 20 000 000 тенге
Жобаны іске асыру мерзімі:  1 сәуір – 31 қазан 2017 ж.
Ағымдағы жағдай: Қазіргі таңда жоба аясында ауылдық РО, ҮЕҰ / бастамашыл топтарды әлеуметтік кәсіпкерлік, жергілікті өзін-өзі басқару, ҮЕҰ құру және дамыту мәселелері бойынша кеңес беру, РО жұмысының стандарттарын және РО жұмысының бірыңғай көрсеткіштерін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Аралық нәтижелері:
•    РО серіктестері мен 44 ауылдық РО үшін 10 вебинар өткізілді;
ҮЕҰ құру, әлеуметтік кәсіпкерлік, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша 14 семинар-тренинг өткізілді 7 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Алматы – 2 өңірлер, Қарағанды, Батыс Қазақстан);
•     ҮЕҰ құру, әлеуметтік кәсіпкерлік, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты кеңес беру. Жалпы саны – 1050 кеңес.
•    Жергілікті өзін-өзі басқару және әлеуметтік серіктестік мәселелері, азаматтық орталықтар құрудың әдіснамалық базасын және перспективаларын нығайту бойынша азаматтық орталықтармен кездесу болды: 7 азаматтық орталық, 7 ауылдық ресурстық орталық, 3 ҮЕҰ;
•    ауылдық ресурстық орталықтар арасында әлеуметтік жобалар бойынша конкурс өткізілді, нәтижесінде 20 ҮЕҰ және бастамашыл топтары жеңімпаз болып анықтады.

Байланыс ақпараты: «КАМЕДА» қоғамдық қоры,  010000, Астана қаласы, Кубрина 20/1 көшесі  131 пәтер, телефоны: 63 64 17, 87719990360

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*