Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балаларды жанұяларға орналастыру институтының мүмкіндіктерін дамыту» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы:  Ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балаларды жанұяларға орналастыру институтының мүмкіндіктерін дамыту
Грант иегерінің атауы: «SOS Алматының балалар ауылы» мемлекеттік емес білім мекемесі
Грант тақырыбы: Қиын  өмірлік жағдайда тұрған отбасыларды қорғау және көмек көрсету қызметін дамыту
Грант бағыты: Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардың балаларына көмек. Балалардың құқығын қорғау
Жоба мақсаты: Балалар ауылы базасында (Алматы қаласы) Отбасы және баланы қолдау орталығының жұмыс үлгісі арқылы Қазақстанда қамқорлыққа алудың балама формасын дамыту: кейс-менеджмент инновациялық тәсілін қолдану, биологиялық отбасыларда балалардың қайта бірігуіне қолдау жасау және әлеуетті асырап алатын отбасыға өту кезінде балаларды дайындау, балалар үшін алмастыратын отьбасыларды сүйемелдеу.
Жобаның міндеттері:
1.    Асырап алатын ата-аналарды оқыту бағдарламасын, соның ішінде олардың дайындықтарының стандарттарын жасау;
2.    Отбасыға балаларды қабылдауға дайын үміткерлерді оқыту (қамқоршыларды, патронат ата-аналарды, асырап алушыларды және т.б.)
3.    Орнын басатын отбасылардың ата-аналары мен жетекшілерін қолдау;
4.    Екінші жетімдіктің алдын алу және сәтті түрде қайта қалпына келуі үшін балалары алынған биологиялық отбасыларды нығайту;
5.    Жоғарыда көрсетілген отбасыларды ары қарай сүйемелдеудің мониорингін жасау;
6.    Алмастыратын отбасыларды сүйемелдеу бойынша қызметтер ұсыну;
7.    Баланы отбасыға ауысу кезінде дайындау және сүйемелдеу, дағдарыс жағдайы мен қатал қараудыңалдын алу;
8.    Отбасылық қарым-қатынас мәдениетін, отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасылық тәрбиенің балама формасын дәріптеуге ықпал ету;
9.    Балалардың құқығын қорғау саласында жұмыс жасайтын әр түрлі ұйымдармен (ҮЕҰ және халықаралық, мемлекеттік ұйымдар) әріптестікті күшейту.
Жоба бюджеті: 6 312 600 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 21 шілде – 21 қараша, 2017 жыл
Қазіргі жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында кейс-менеджмент технологиясын қолдана отырып 3 отбасын әлеуметтік сүйемелдеуден өтіп жатыр. Интернаттық мекемеден 3 баланы өздеріне алу кезеңінде тұрған орын алмастыратын отбасылармен жұмыс жүргізілуде.
Аралық нәтижелері:
•    Жобаның негізгі мақсаты және міндеттерімен танысу үшін жобаның бенефициарларымен кездесуі өткізілді;
•    Кейс-менеджмент технологиясын енгізу үшін жобаның қызметкерлері үшін семинар-тренинг өткізілді;
•    Бенефициарлардың үйіне бару, телефонмен кеңес беру, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтерді көрсету жұмыстары жүргізілуде;
•    10 асырап алушы отбасылар ата-ана біліктілігін арттыру, бала психологиясын зерттеу, тәрбие беру тәжірибесімен бөлісу мақсатында жобаның қатысушылар тізіміне енгізілді, сонымен қатар олармен жобаның мамандары: заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкерлер олармен жұмыс жасауда;
•    Жобаның бенефициарларына тұрақты негізде психологиялық, заң кеңестері жүргізіліп тұрады.

Байланыс ақпараты: Алматы қаласы, Луганский көшесі, 61А/95 тел. 8727263576

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*