Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Азаматтық сектор қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен ҮЕҰ әлеуетін арттыру» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Азаматтық сектор қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат  құралдары мен ҮЕҰ әлеуетін арттыру
Грант иегерінің атауы:  «Change lab» жеке қайырымдылық қоры
Тема гранта: Азаматтық сектор қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат  құралдары мен ҮЕҰ әлеуетін арттыру
Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне қатысуын кеңейту
Жобаның мақсаты: БАҚ  пен  ҮЕҰ-ның  өзара  іс-қимылының  ағымдағы жағдайын,   азаматтық   секторды   БАҚ-та   жариялау деңгейін талдау. БАҚ пен ҮЕҰ өкілдері үшін азаматтық қоғамды дамыту бойынша   ақпарат   беру   бөлігінде   консультативтік қызметті  ұйымдастыру,  сондай-ақ  өзекті  әлеуметтік мәселелерді  жариялау  бойынша  интернет  кеңістікте бірлескен қызметті ұйымдастыру. Интернет кеңістікте өз қызметін ілгерілету құралдарын пайдалану  бойынша  ҮЕҰ  дағдыларын  арттыру  және аталған оқытуды желіде тарату.
Азаматтық журналистика мектебін ұйымдастыру арқылы азаматтық сектордың қызметін жариялау бойынша БАҚ әлеуетін көтеру, сонымен қатар ақпараттық қолдау мен коммуникацияға,жаңа медиа технологияларға үйрету.
Задачи проекта:
1.    Өзара іс-әрекеттегі негізгі мәселелер мен кедергілерді анықтау үшін ҮЕҰ мен БАҚ-ның өзара іс-әрекетінің қалыпты жағдайына талдау жасау;
2.    БАҚ өкілдерінің, ҮЕҰ-да сыртқы коммуникацияға жауап беретін менеджерлердің, сондай-ақ тәуелсіз авторлардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру үшін әлеуметтік журналистика мектебін және ҮЕҰ мен БАҚ өкілдеріне азаматтық қоғамды дамыту бойынша ақпарат берудің кеңес беру қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар өзекті әлеуметтік-мәселелерді жариялау бойынша интернет-кеңістікте бірлескен қызметті ұйымдастыру;
3.    Диалог алаңын ұйымдастыру арқылы ҮЕҰ мен БАҚ-ның өкілдері арасында коммуникациялық әлеуетті арттыру;
4.    Барлық қызығушылық танытқан БАҚ арасында тарату үшін қазақ және орыс тілдеріндегі әлеуметтік журналистика бойынша мамандандырылған құралды дайындау.
Жоба бюджеті:  10 000 000  теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  21 шілде – 21 қараша, 2017 жыл
Қазіргі жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында азаматтық сектордың қызметін жариялау бойынша ҮЕҰ мен бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін арттыруға арналған мобильді қосымша дайындалып жатыр.
Аралық нәтижелері:
•     Азаматтық қоғам мен БАҚ-ның өкілдері арасындағы коммуникация мәселесіне арналған бірінші қазақстандық хакатон өткізілді;
•     Әлеуметтік журналистика мектебіне іріктеу жүргізу үшін қазақстандық ҮЕҰ мен БАҚ-ның өкілдері арасында байқау жарияланды. Байқау жеңімпаздары үшкүндік әлеуметтік журналистика мектебіне қатысу мүмкіндігіне ие болды;
•    2017 жылғы қыркүйек айының 26-28 күндері Алматы қаласында әлеуметтік журналистика мектебі өтті, мектептің мақсаты – барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға әлеуметтік медиа саласында жаңа білім мен ілімдерді оқыту, мемлекет, бизнес және қоғамның үшжақты одағы тұжырымдамасының тиімділігін көтеру.

Байланыс ақпараты: 050005, Алматы қаласы, Төле би көшесі 273/4, 182 пәтер, Тел.:8 707 114 10 50, Эл.адрес: changelabkz@gmail.com

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*