Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларының әсеріне мониторинг және бағалау жүргізу» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларының әсеріне мониторинг және бағалау жүргізу
Грант иегерінің атауы: «Ұлттық және халықаралық бастамаларды дамыту институты» қоғамдық қоры
Грант тақырыбы: Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларының әсеріне мониторинг және бағалау жүргізу
Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне қатысуын кеңейту
Жоба мақсаты:
1.    ҚР-ғы әлеуметтік мәселелерді өзгертуге мемлекеттік және халықаралық қаржыландыру есебінен КЕҮ жобаларының ықпал етуін бағалау және мониторинг жүргізу арқылы қоғамның қажеттіліктерін шешуге әсер ету және әлеуеттерді анықтау үшін КЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-әрекет механизмдерін дамыту және әлеуетін арттыру;
2.    «Қазақстанның үшінші модернизациялануы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР Президентінің Жолдауы, Қазақстан-2050 стратегиясы, Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның жүзеге асырылуына ықпал ету.
Жобаның міндеттері:
1.    Халықаралық және мемлекеттік гранттардың әлеуетіне және олардың ҚР КЕҰ-дың жетекші эксперттерін тарту арқылы ҚР қоғамының қажеттіліктері мен әлеуметтік мәселелерінің сәйкестігіне талдау жасау;
2.    КЕҰ жобаларының экономикалық үлесін анықтау үшін бағалау мен мониторингті жүргізу, олардың жоғары білікті мамандар мен жұмылдырылған эксперттердің күшімен ҚР-ғы әлеуметтік мәселелерінің өзгеруіне әсерін зерттеу;
3.    Жобаның біріккен эксперттер командасы атынан халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ағымдағы және әлеуетті жобалар шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4.    КЕҰ ақпараттық порталдарында (есептік вебинарларды, бейнеролик, буклет, кітапшаларды өткізу арқылы), әлеуметтік желілерде (фейсбук және т.б.) бағалау мен мониторинг нәтижелерін жариялау;
5.    Жобаның нәтижесінің таралымын көбейту және ары қарай қолдану үшін бейінді заңдық және атқарушы мемлекеттік органдарға жоба нәтижесі бойынша ұсыныстар беру.
Жоба бюджеті: 5 000 000 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 21 шілде – 21 қараша, 2017 жыл
Қалыпты жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында КЕҰ жобаларының экономикалық үлесін және олардың әлеуметтік мәселелердің өзгеруіне әсерін анықтау үшін халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларына мониторинг жасау және бағалау жүргізіліп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    зерттеудің әдістемесі мен әдіснамасы, халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру арқылы ҮЕҰ жобаларының әсерін бағалау және мониторингі бойынша есеп жобасы жасалынды;
•    халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру арқылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына әсерін бағалау және мониторинг жүргізу бойынша кабинетті зерттеуді жүргізуге келесідей сарапшылар тартылды: Худяков Сергей («Жергілікті өзін-өзі басқару институты» ЖМ), Сергей Гуляев («Десента» ҚҚ), Махаббат Еспенова («КАМЕДА» ҚҚ), Татьяна Седова (халықаралық кеңесші), Константин Ковтунец (халықаралық кеңесші). Зерттеу нәтижелері бойынша мамандар есептер мен презентациялар ұсынатын болады.

Байланыс ақпараты: 050000, Алматы, Байзақов көшесі, 280 үй, «Бизнес Фабрика», 13 кеңсе, телефон: 8 777 2822278

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*