Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіру
Грант иегерінің атауы: «Десента» қоғамдық қоры
Грант атауы: Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіру
Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне қатысуын кеңейту
Жоба мақсаты: Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіруге ықпал ету.
Жобаның міндеттері:
1.    Азаматтық қоғам саласындағы ҚР заңнамасына талдау жасау;
2.    Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы реттеуге қатысты ҮЕҰ алаңдататын мәселелерді зерттеу;
3.    Шет елдердегі ҮЕҰ әрекеттерін реттеу саласындағы заңнамаға салыстырмалы талдау жасау және халықаралық тәжірибені зерттеу;
4.    ҮЕҰ әрекеттерін реттеу саласындағы ҚР-ның әрекет етуші заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
5.    Жасалынған ұсыныстарды ҚР Дін істері және заматтық қоғам министрлігіне және ҚР Парламентіне бағыттау.
Жобаның бюджеті: 2 131 560 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 21 шілде – 21 қараша 2017 жыл
Ағымдағы жағдайы: Шет елдердегі ҮЕҰ әрекеттерін реттеу саласындағы заңнамаға салыстырмалы талдау жасалынуда және халықаралық тәжірибе зерттелініп жатыр.
Аралық нәтиже:
•    Азаматтық қоғам саласындағы келесі ҚР-ның заңнамаларына талдау жасалынды: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодекс (жалпы бөлім), ҚР бюджеттік кодексі,  ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексі, ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы, ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы, 2002 жылғы 16 мамырдағы ҚР-ның Мемлекеттік тапсырыстар туралы Заңы, «Мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» ҚРҮЖ, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мониторингін іске асыру Ережесін бекіту туралы» ҚРҮЖ, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жеткізушілер Реестрін жүргізудің Ережесін бекіту туралы» ҚРҮЖ;
•    Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы реттеуге қатысты ҮЕҰ-ды алаңдататын мәселелер зерттелінді және зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстар дайындалды.

Байланыс ақпараты: 140000, Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 40, 1 пәтер, телефон: 8 (7182) 30 00 07,
ұялы телефоны: 87051625484

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*