Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және постпенитенцарлық бақылауда туындаған кедергілерді ескере отырып пробациялық бақылауда тұрған жеке тұлғаларға тиімді әлеуметтендіру бағдарламасын әзірлеу және енгізу»

Жоба атауы: Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және постпенитенцарлық бақылауда туындаған кедергілерді ескере отырып пробациялық бақылауда тұрған жеке тұлғаларға тиімді әлеуметтендіру бағдарламасын әзірлеу және енгізу.
Грант иегерінің атауы: «Антарес А» қоғамдық қоры
Грант атауы: Еркінен босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу
Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне қатысуын кеңейту
Жоба мақсаты: Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және постпенитенцарлық бақылауда туындаған кедергілерді ескере отырып пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларға бағдарламаны әзірлеу және енгізу.

Жобаның міндеттері:
1.    Шығыс Қазақстан облысында сотталғандардың мәселелерін анықтау арқылы сотталған адамдардың қайта әлеуметтенуі бойынша ағымдағы жағдайды талдау;
2.    Жобаның негізгі бенефициарларына арнайы әлеуметтік қызметті көрсетумен айналысатын мекемеледің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізу;
3.    Кем дегенде 30 қызметті алушының қатысуымен сотталған адамдардың қайта әлеуметтену бағдарламасын апробациялау;
4.    Қайта әлеуметтендіру бағдарламасын жүзеге асыру процесінде пайда болған қиындықтар мен мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды жасау;
5.    Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға оңалту қызметін құру бойынша әдістемелік материал дайындау және шығару.

Жоба бюджеті: 2 485 260 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 21 шілде –  21 қараша 2017 жыл
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің бақылауында тұрған жеке тұлғаларға қызмет көрсету бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар, дәлірек айтқанда құқықтық, психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік қызметкердің кеңес беруі, патронатты сүйемелдеуі, мотивациялық пакеттер беру жүргізіліп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    Жобаның бенефициарларына арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын мекеме өкілдері арасында сауалнама жүргізілді: жұмыспен қамту орталығы, әлеуметтік қорғау, миграциялық полиция, денсаулық сақтау мекемелері, діни бірлестіктер, қылмыстық атқару жүйесі, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларға  пробация қызметін көрсететін бөлімдер. Жоба аясындағы халықтың қамтылуы мемлекеттік мекемелердің 100 өкілін және сотталған адамдардан 50-ден кем емес адамды қамтиды. Зерттеу нәтижелері талданды және алғашқы өңдеу жасалынды, аналитикалық баяндама дайындалды.
•    Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту үйлестірушісі және басқада қызығушылық танытқан тараптардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс отырысы өткізілді.
•    Ары қарай жобаның жүзеге асыру барысында сотталған адамдардың қайта әлеуметтену бағдарламасын апробациялау және жасау жоспарлануда.

Байланыс ақпараты: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Щербаков көшесі 22 – 15, Тел.: 8 (776) 494 8585

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*