Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Қазақстанның әскери-патриоттық мұрасы » тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Қазақстанның әскери-патриоттық мұрасы
Грант иегерінің атауы:  «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қоры
Грант атауы: Қазақстанның әскери-патриоттық мұрасы
Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне қатысуын кеңейту
Жоба мақсаты: Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның әскери-патриоттық мұрасын зерттеу, әскери-патриоттық және әскери-тарихи мәселелерді ғылыми және тәжірибелік талдау жасау аясында ақсақалдар ұйымдарының аймақ аралық өзара іс-әрекетін белсенді қылу және азаматтық қатыстылық әлеуетін арттыру.
Жоба міндеттері:
1. Жобаны орындау бойынша жалпы жоспарды жасау және қабылдау;
2. ҚР 16 өңірі бойынша, аудандық ұйымдарды қамти отырып, аналитикалық анықтаманы жинау;
3. Жоба аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам, Қорғаныс, Білім және ғылым, Әділет министрліктерімен, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктерімен өзара байланыс орнату;
4. Аймақтық ақсақалдар ұйымдарымен байланыс орнату;
5. Әскери-патриоттық мұраны насихаттауға және әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
Жоба бюджеті:  4  000 000 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  21 шілде – 21 қараша, 2017 жыл
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында «Әскери-патриоттық тәрбие призмасы арқылы азаматтық қоғамды қалыптастыру. Тарих. Қазіргі заман. Болашақ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға және «Ауғанстан – менің жүрегімде» атты әскери-патриоттық концертіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    Қорғаныс, Білім және ғылым министрліктерімен байланыс орнатылуда, келесі ардагерлер ұйымдарымен байланыс орнатылды: «Семей-Полигон» ҚБ (СҚО), Қызылжар ардагерлер одағы, «Ауғанстандағы соғыстың мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» ҚБ, «ВИВА» ҚБ, «Сарбаз» ҚБ, Петропавлск қаласының ІІБ ардагерлерінің кеңесі, БӘД ардагерлерінің кеңесі, «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ-нің Шығыс Қазақстандық филиалы;
•     Солтүстік Қазақстан (Петропавлск қаласы) және Шығыс Қазақстан (Семей қаласы) облыстарында мастер-кластар мен тренингтер өткізілді. Семей қаласында 47 адам, Петропавлск қаласында 36 адам оқытылды.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Гастелло көшесі,7, Телефон: 8 7172-37-47-48, Эл.адрес: of_ku.2011@mail.ru

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*