Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі
Наименование грантополучателя:  «Жанашыр» Халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры
Тема гранта: Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі
Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне қатысуын кеңейту
Жоба мақсаты: Қоғамның  зиялы  бөлігін  –  зиялыларды  тарту  арқылы Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.
Жоба міндеттері:
1.    Қазақстанда заманауи қазақ зиялыларын қалыптастыру процесіне зерттеу жүргізу;
2.    Қоғамның зиялы өкілдері – зиялы қауымның қатыстырылуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау бойынша шаралар ұйымдастыру.
Жоба бюджеті:  4 000 000  теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  21 шілде – 21 қараша 2017 жыл
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындық жүргізілуде және «Тағылым мен тағзым» тақырыбында зиялы қауым мен қоғам қайраткерлерінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    Алматы «Қазақ этнографиясы салалары» атты дөңгелек үстел өткізілді, қатысушылар саны – 48 адам. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы Уахап Қыдырханов, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаттары, ақын Оразақын Асқар мен Әділғазы Қайырбеков, Халифа Алтай қорының президенті Қабден Алтайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Шәміл Әбілтай, журналист-публицист Назрахмет Қали, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, ақын және журналист Алмат Исаділ, журналист-әдебиеттанушы Жүсіп Пилтан, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының қаалық филиалының, Алматы қаласы әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
•    «Қазақтың тарихи орындары мен ескерткіштері» атты 61 адамның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Ш. Уәлиханов атындағы этнология және тарих институтының бөлім бастығы, тарих ғылымдарының докторы М.К. Семби, Р.Б. Сұлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшім, оқытушылар мен студенттер қатысты.
•    «Қазақтың тарихи тұлғалары» атты 56 адамның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына «Ұлт болмысы» журналының бас редакторы Г. Амантайқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Тебегенов, «Жебе» қоғамдық бірлестігінің президенті Ө. Әділбекұлы, Қазақстан жазушылар одағының жауапты хатшысы, ақын Қ. Құныпияұлы, «Гүлзар» қоғамдық ұйымының төрағасы Б. Қабдолданова, мәдениеттанушы М. Танғыт, оқытушылар мен студенттер қатысты.
•    Қазақстанның тәуелсіз болуына үлесін қосқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен, зиялы қауым және қоғам қайраткерлерінің өкілдерімен «Тағылым мен тағзым» атты жастармен кездесулері өткізілді. Кездесудің құрметті қонақтары Ардақ Назаров, Ермахан Ибраимов, Дос Көшім, Назрахмет Қали, Шора Қарабаев, М. Сейтасқаров және т.б. болды.

Байланыс ақпараты: Алматы қаласы, 050005, Абай даңғылы-143, 403 кеңсе, Тел/факс 8 727 249 95 90, 30 36 806, Эл.адрес: zhanashyr@mail.ru

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*