Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

Заманауи қазақстандық қоғамның құнды белгілерін талдау: қоғамдық танымды жаңарту тұрғысында» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Заманауи қазақстандық қоғамның құнды белгілерін талдау: Қоғамдық танымды жаңарту тұрғысында
Грант иегерінің атауы: «Нұр Отан» саяси менеджмент мектебі» жеке мекемесі
Грант атауы: Заманауи қазақстандық қоғамның құнды белгілерін талдау: Қоғамдық танымды жаңарту тұрғысында
Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау. ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және ҮЕҰ тұрақтылығын арттыру процесіне қатысуын кеңейту
Жоба мақсаты: Заманауи қазақстандық қоғамның құнды белгілерін зерттеу
Жоба міндеттері:
1. Ұлттық код пен мәдениетті сақтау арқылы қоғамдық танымды жаңаландыруды халықтың қабылдауын зерттеу, сонымен қатар халық үшін маңыздылықты анықтау:
– Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, ұлттық тарихи тамырына тірегі, өзіндік ұлттық кодын сақтауы, мәдени мұрасы, тарихының бірегейлігі;
– ерекше мәдениеті мен руханият, бөтенэкстремистік идеологияға қарсы тұру;
– қоғамдағы бірлік пен келісім, қазақстандық сәйкестік пен патриотизмді күшейту және идеялық консолидация;
– мәдени прагматизм мен реализмге негізделген ұлттық рухани дамуы;
– интеллектуалды даму, білімге табынушылықтың жалпылығы, үздік жетістіктерге ашықтық пен алғырлық;
– Жаңа шарттарда азаматтардың жұмысына бейімделуі мен мотивациясы, ұлттық күшті, бәсекеге қабілетті және жауапкершілігі мол адамдарын қалыптастыру.
2. Брифинг, БКБ форматында дөңгелек үстел мен конференциялар ұйымдастыру.
3. Қоғамдық танымды жаңаландыруда халықты тарту арқылы азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасау.
4. Қоғамдық сананы жаңаландырудағы процестер мен осы салада өткізілетін реформалар туралы халықтың көп бөлігін ақпараттандыру.
Жба бюджеті: 4 000 000 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  21 шілде – 21 қараша 2017 жыл
Ағымдағы жағдайы:
Қазіргі таңда жоба аясында ұлттық код пен мәдениетті сақтау арқылы қоғамдық танымды жаңаландыруды халықтың қабылдауы, сонымен қатар халық үшін маңыздылықты анықтау бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Аймақтар бойынша халықты бұқаралық сұрауды жасау жоспарлануда. Зерттеудің нәтижесі бойынша брифинг және БКБ форматында конференция және дөңгелек үстел өткізіледі.
Аралық нәтижелері:
•    Зерттеуді жүргізудің тұжырымдамасы, әлеуметтік зерттеудің бағдарламасы, бұқаралық сұраудың сауалнамасы дайындалды;
•    Әлеуметтанулық сұрау мен зерттеуді жүргізу үшін эксперттер тартылды.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1 үй, телефон 8 7172 707 617, 707 645, 87015993707

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*