Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Береке көзі – бірлікте» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Береке  көзі – бірлікте
Грант иегерінің атауы: «Гуонлён» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі
Грант атауы: «Береке  көзі – бірлікте»
Грант бағыты: Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Қоғамды дерадикализациялау
Жоба мақсаты: Этномәдени іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді күшейту.
Жоба міндеттері:
1.    Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға арналған этномәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
2.    Жобаны жариялау бойынша ақпараттық науқан өткізу.
Жоба бюджеті: 3 871 000 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  21 шілде – 21 қараша 2017 жыл
Ағымдағы жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында облыс этностарының ұлттық тағамдары мен ұлттық қолөнерлерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы Жамбыл облысында Қазақстан аумағына дұнған халқының көшіп келгеніне 140 жыл толуына арналған акция ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    Кавказ халқының қолданбалы өнерінің жәрмеңкесі болған Маңғыстау облысында «Достық шуағы» этномәдени фестиваль-баййқауы өткізілді, қатысушылар саны – 60 адам;
•    СҚО этнос өкілдерінің ұлттық киімдері көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысында «Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, қатысушылар саны – 45 адам;
•    Шығыс Қазақстан облысында «Абай әлемі» фестивалінің өткізілуі негізінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің туған жерлеріне «Береке көзі – бірлікте» этномәдени экскурсиясы ұйымдастырылды, қатысушылар саны – 161 адам;
•    Халықтың жобаның қызметтері туралы ақпаратпен қамтылуы 950 адамды құрайды.

Байланыс ақпараты: 080209,  Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы, Тараз көшесі 21, телефон: 8-7262-464623, ұялы телефон: 8-707-2754296

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*