Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Әйелдерге және қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қызметтерді ұйымдастыру» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Әйелдерге және қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қызметтерді ұйымдастыру

Грант иегерінің атауы: «Қорқау-Астана» жеке қоры

Грант атауы: Әйелдерге және қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қызметтерді ұйымдастыру

Грант бағыты: Гендерлік проблемаларды шешу

Жобаның мақсаты: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің арнайы әлеуметтік қызметті және қорғауды алу мүмкіндігі, қарсы тұру шаралары туралы халықты ақпараттандыру арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің санын төмендету

Жобаның міндеттері:

1.​ Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы кеңес беру орталығының жұмысын ұйымдастырып, әлеуметтік қызметтерді ұсыну, соның ішінде:

​ ҚР бойынша сенім телефоны арқылы кеңес беру;

​ Топтарды құру арқылы әлеуметтік желілерде он-лайн кеңес беру;

​  Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қайта бағыттап жеке кеңес беруді қамтамасыз ету

1.​ Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған насихаттау жұмыстарын жүргізіп ақпараттық-насихаттық топты құру

1.​ Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру үшін әлеуметтік бейнероликтерді жасау арқылы зорлық-зомбылықтың алдын-алу ақпараттық қызметтінің ұйымдастыру.

Жобаның бюджеті: 2 000 000 теңге.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 сәуір-31 қазан, 2017 жыл.

Ағымдағы жағдайы:

Қазіргі уақытта жоба аясында əйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша əр түрлі əрекеттер мен тренингтер арқылы әлеуметтік желілерде онлайн-кеңестер берілуде.

Кеңес заңдық, әлеуметтік және психологиялық мәселелер бойынша жүргізіледі.

Аралық нәтижелері:

​ «Шанс орталығы» филиалында және «Кемек» уақытша тұрғын үй орталығында үйдегі зорлық-зомбылық туралы кеңес орталығы ұйымдастырылды;

​

​ Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы 2 видео жасалып орналастырылды;

​ Астана және Шымкент қалаларында әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған ақпараттық-насихаттау топтары құрылып ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді;

​  сенім телефоны арқылы кеңес берумен 91 адам, жеке кеңес беру арқылы 40 адам қамтылды;

​  Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелері бойынша қоғамдық орындарда 2 акция және оқу орындарында 3 тренинг өткізілді.

Байланыс ақпараты: Астана қаласы, Акжан көшесі 7, 1 пәтер

Телефон +7(7172) 306073, 87028929777

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*