Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жобаның атауы: Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу

Грант иегерінің атауы: «Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестікі (Республикалық статус)

Грант тақырыбы: Қазақстанда гендерлік бюджеттеуді енгізу мәселесі бойынша зерттеу жүргізу және соңынан нақты ұсыныстар әзірлеп талдау жүргізу

Грант бағыты: Гендерлік мәселелерді шешу

Жоба мақсаты: Қазақстанда гендерлік бюджеттеуді енгізу мәселесі бойынша зерттеу жүргізу және соңынан нақты ұсыныстар әзірлеп талдау жүргізу

Жобаның міндеттері:

1.​ Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу бойынша кешенді талдау жасау

1.​ Гендерлік бюджеттеу саласын бойынша азаматтық қоғам, БАҚ, бизнес, ғылыми мекеме, мемлекеттік қызметкерлерді тартуға ынталандыру

Жоба бюджеті: 8 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:1 сәуір – 31 қазан 2017 ж.

Ағымдағы жағдайы: Қазіргі таңда жоба аясында «Гендерлік бюджет қалай қалыптасады?» атты гендерлік бюджеттеудің негіздерін үйретуге арналған бейнероликті тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аралық нәтижелері:

​  Қазақстан Республикасына гендерлік бюджетті енгізу мәселесі бойынша ҚР Парламенті, Министрлік, мекеме, облыстық әкімшіліктер, қалалық және облыстық маслихаттар, ЖОО, ҮЕҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰ құрылымдары, Ф.Эберт атындағы қор өкілдерінен тұрған 20 экспертті тарту арқылы эксперттік сұрау жүргізілді;

​  Сауалнама өңделді;

​  2011-2016 жж. мемлекеттік бюджеттеудің әрекет етуші жүйесіне гендерлік талдау бойынша аналитикалық жұмыс жүргізілді;

​  Мемлекеттік қызмет саласында гендерлік-бағытталған қаржыландыруға талдау жасалынды;

​  Басқа елдердегі гендерлік бюджеттеуді қолдану тәжірибесі зерттелінді – келесі елдердің 5 халықаралық әдіснамасы қарастырылады: Австрия, Бельгия, Филиппин елі, Ресей, Оңтүстік Корея;

​  Бүгінгі таңда «Гендерлік бюджеттеу: мәселелері мен келешегі» брошюрасының жобасы дайындалды;

​  «Гендерлік бюджет қалай қалыптасады?» атты гендерлік бюджеттеудің негіздерін үйретуге арналған бейнеролик дайындалды.

Байланыс ақпараты: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжың тас жолы, 2а үйі, «Думан» қонақүй кешені, 16 қабат, тел.: 8 7172 791598

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*