Nukte.kz > Гранттар > Мақала мазмұны

«Жас ұрпақ – Мәңгілік Ел тірегі» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: «Жас ұрпақ – Мәңгілік Ел тірегі»

Грант иегерінің атауы: ««Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі

Грант тақырыбы: Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар

Грант бағыты: Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

Жобаның мақсаты: отбасы мен қоғамның қосымша білім беру жүйесін дамытуды басқаруда қатысуға жағдай жасау арқылы мемлекетті дамыту мақсаттарымен, балалардың қызығушылықтарымен және отбасы талаптарына сәйкес қосымша білім беру сапасын жаңарту және жақсарту

Жобаның міндеттері:

1.​ Білім беру ұйымдардың қызмет нәтижелері туралы ақпараттардың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

1.​ Білім беру бағдарламаларға өзгертулер еңгізу үшін ұсыныстар әзірлеу.

1.​ Қосымша білім беру ұйымдардың қызметін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік сүйемелдеулерді жетілдіру жолдарын әзірлеу.

1.​ Педагогикалық және ата-ана қоғамдары арасындағы қарым-қатынас жүйесін құру.

1.​ Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім алуға қызықтыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу

Жоба бюджеті: 10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 сәуір – 31 қазан 2017 ж.

Ағымдағы жағдайы: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қызмет жасайтын қосымша білім беру ұйымдар туралы ақпараттар тізімін құру және білім беру ұйымдардың қызмет нәтижелері туралы ақпараттардың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жұмыстары соңғы кезеңде. «Құқығым бар!» балаларға арналған екінші семинарды қазанның басында өткізу жоспарлануда.

Аралық нәтижелері:

​ Қазақстан Республикасында қызмет жасайтын қосымша білім беру ұйымдар туралы ақпараттар тізімін құру жұмыстары аяқталуда. Ақпараттар тізіміне 200 ұйымдар кіреді;

​ Білім беру ұйымдардың қызмет нәтижелері туралы ақпараттардың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша мониторинг жұмыстары аяқталуда. Қазақстан Республикасындағы 200 мектеп сайттары бойынша мониторинг жүргізілді;

​ Қазақстан Республикасындағы қосымша білім беру бағдарламалары бойынша мониторинг жұмыстары аяқталуда;

​ 2017 жылғы 22-24 тамыз аралығында «Discovery Borovoe» демалыс және ойын-сауық лагерінде «Жас ұрпақ – мәңгілік ел тірегі» жазғы лагері өткізілді. Лагерьде Қазақстанның 12 облысынан 85 өкілі қатысты. Лагерь қонақтары: ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева, журналист, «Қазақ радиосы»жүргізушісі – М. Болатұлы, журналист-блогер – О. Кенжебек, «Қазақстан жастар Конгрессі» ЗТБ Атқарушы директоры – А. Сабитов, «Жасыл ел» республикалық жастардың еңбек отряды штабының басшысы – Т. Болысов, Г. Уралова – Заместитель председателя правления НАО «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

​ 2017 жылғы 26-28 шілде аралығында 26-28 июля 2017 года Бейбітшілік және келісім сарайының конференц залында балаларға арналған «Құқығым бар» семинар-тренингі өткізілді. Астана қаласы, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан 30 астам балалар қатысты. Спикерлер выступали Муканова Зәуреш («Бақытты бала» ҚБ Төрағасы), Аманжолов Бекарыстан («Астана жастары» ММ маманы), Ысқақ Құлатай (ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басты эксперті).

​ Мектептердегі жоғарғы кеңесшілер мен педагог-организаторлар жұмысын іске асыру бойынша методикалық әдістемені әзірлеу жұмыстары аяқталуда

Байланыс ақпараты: Астана қ., Күмісбекова к. 9/1, 89 п.,

Телефон +7 701 3996541; zhasulan2020@mail.ru

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*