Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Астана әкімі: Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен соң басталады

астана

Елорда әкімі Әсет Исекешев аудан әкімдері мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына шағын және орта бизнес өкілдеріне қаланы мерекелік безендіруге қатысты бекітілген жоспарын ұстану туралу түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма жүктеді. Яғни, Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күні атап өткеннен соң ғана басталады. Бұл туралы Астана әкімі қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада желтоқсандағы мерекеге орай қаланы безендіру тәртібі бекітілді. Соған сәйкес Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін басталады.

Мемлекеттік және Ұлттық мерекелер – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және Жаңа жылды елорданың аумағында мерекелеу аясында қаланы безендіру туралы Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасын орындау мақсатында жұмысы жүргізілуде.

Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен соң ғана, яғни 18 желтоқсанда басталады.  Ол мақсатта шаһарда 25 жаңа жылдық шырша, 12 хоккей алаңы, 15 мұз айдыны, 10 мұз төмпешігі, 2 мұз қалашығы («Astana ЕХPO-2017» Ұлттық компанясы» АҚ аумағында және Астана қалалық әкімдігі ғимараты алдындағы алаңда) бой көтереді. Бұған қоса 2 жарық панносы, 18 жарық иллюминациясы, 52 жарық иллюминациялық аркасы, 830 панель-кронштейн, 106 КСП, 5 көпір мен көлік жолайрығы орнатылатын болады. 3300 шағын және орта бизнес нысандарының қасбеті, 255 ағаш, 2 қала саябағы мен 1 гүлзар безендіріледі.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпаратына сәйкес,  ШОБ кәсіпкерліктері өз еркімен қалада елуден астам шыршаны орнататын болады. Елордадағы «Керуен», «Рахмет», «Хан Шатыр», «Сарыарқа» сияқты ойын-сауық орталықтары шыршаларды орнатып, безендіру шараларын бастап кеткен.

Сонымен бірге, елорда әкімі аудан әкімдері мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына шағын және орта бизнес өкілдеріне қаланы мерекелік безендіруге қатысты бекітілген жоспарын ұстану туралу түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма жүктеді. Яғни, Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күні атап өткеннен соң ғана басталады.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*