Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды

атамбаев

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы лидері Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен бірге «Қырғыз Республикасының Батыры» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

24 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Жээнбеков алғашқы жарлығымен Атамбаевты марапаттауға уәде беріп, президент қызметіндегі жетістіктері үшін ризашылық білдірген еді. Осыдан кейн Атамбаев көзіне жас алды.

«Қырғызстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, халық бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, Қырғыз Республикасының тұрақты дамуына берік негіз қалағаны үшін, сондай-ақ көрсеткен саяси ерік-жігері мен батылдығы үшін Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен бірге «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі беріледі», — делінген хабарламада.

 

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. Канат: берсін, не бопты?