Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Медицина қызметкері кейпінде зейнеткерлердің қаржысы мен алтындарын жымқырып жүрген алаяқ-ұры ұсталды

Жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Алматы» ауданының ІІБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қарт адамдардың қаржысы мен алтындарын алаяқтық жасап жымқырып келген Шығыс Қазақстан облысының 36 жасар тұрғыны ұсталды деп хабарлайды Елорда инфо Астана қаласы ІІД-не сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғаны, күдікті қарт адамдарға өзін медицина қызметкерімін деп таныстырған. Сол бойынша медициналық дәрі-дәрмек сатып аламын деп оларды алдау арқылы ақша қаражатын иеленген және қарт адамдардың назарын аударып, алтын бұйымдарын ұрлағаны анықталған. «Қазіргі уақытта Алматы ауданы ІІБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 188 және 190-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында жәбірленушілер олар таныды. Қазіргі уақытта 4 жәбірленуші полиция қызметіне жүгінді» делінген хабарламада. Осыған орай, Астана қаласы ІІД аталған азаматшаның заңсыз әрекетінен жәбір көрген адамдарды Алматы ауданының ІІБ-ға 8(7172) 71-67-59, 71-67-10 телефондары немесе 87017577756 ұялы телефонына хабарласуларын сұрайды.

Сонымен бірге мына нәрселерді тұрғындар назарына салады. Атап айтқанда, азаматтарға сақ және абай болуларын, бейтаныс адамдарға есік ашпауларын және оларды пәтерге кіргізбеуін, егер есікті ашқан жағдайда келушінің тегін, аты-жөнін, жұмыс орнын және кім болып жұмыс істейтінін сұрау керектігін ескертеді. «Кейін оның жұмыс істейтін ұйымына хабарласып, ол туралы сұрап білуді ұсынады. Алаяқтар өздерін әлеуметтік ұйымдардың қызметкерлеріміз деп таныстырып, жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдер, жеңілдік жол жүру билеттерін алу үшін құжаттарды ресімдеуге, жеңілдік бойынша медициналық құралдар алып беруге көмектесеміз деп қарттардың сеніміне кіреді» деп ескертеді Астана қаласы ІІД

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. Жан: ату керек аяуанды