Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Тергеу: Синайдағы мешітке жасалған шабуылға ДАИШ-тың қатысы бар

Өткен жұмада Мысырдың Синай түбегінде орналасқан мешітке жасалған жан түршігерлік шабуылды алдын ала тергеп-тексеру оған ДАИШ лаңкестік тобының қатысы барын растайды. Бұл жайлы Мысыр күштік құрылымдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«Алдын ала тергеп-тексеру шабуылдың ДАИШ лаңкестері тарапынан болғанын растайды», – делінген хабарламада.

Жұма күні Солтүстік Синай провинциясының астанасы әл-Ариш қаласына (Газа секторынан 30 км жерде орналасқан) қарасты Бир-әл-Әбд елді мекеніндегі әр-Рауда мешітінде жұма намаз кезінде жан түршігерлік теракт болды. 30-ға жуық лаңкес жарылғыш затты құлшылық етіп жатқан адамдардың ортасына лақтырып, жарып жіберген. Артынша мешіттен қашып шықпақ болғандарға қарай оқ жаудырған. Теракт салдарынан 305-тен астам адам, соның ішінде 27 бала қаза тауып, 128 адам жараланды.

Терактіні ресми түрде ешкім мойнына алмағанмен, Мысыр тарапы шабуылды ДАИШ-ке адал болуға ант-су ішкен «Әнсар Бейт әл-Мақдис» («Иерусалим жақтастары») лаңкестік тобы ұйымдастырғанына күмән келтірмейді. Аталған лаңкестік топ қазіргі кезде өз атын «Вилайет Синай» («Синай провинциясы») деп өзгертіп алған. Мысырда соңғы жылдары ұйымдастырылған көптеген лаңкестік шабуылдарға дәл осы топтың қатысы бар.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*