Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

2017 жылдың ең үздік смартфондары анықталды

смартфон

TechRadar порталының сарапшылары 2017 жылғы ең үздік 15 смартфонның тізімін жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

 Рейтингтің басында Samsung Galaxy S8 тұрақтаған. Ал қарашада сәнге айналған iPhone X тек төртінші орыннан көрінді.

TechRadar зерттеушілері рейтинг кезінде смартфондардың дизайнын, қуаттылығын, құрылғының сипаттамасын нысанаға алған көрінеді. Дегенмен, олар смартфондардың сапасы мен бағасына баса назар аударған.

Samsung Galaxy S8 арзан бағасы мен қуаттылығына, камерасы мен экранының ыңғайлылығына қарай бірінші орынға шыққан. Сондай-ақ, алғашқы үштіктің қатарына Samsung Galaxy S8 Plus және Google Pixel 2 енген.

Apple компаниясының смартфондары төртінші және тоғызыншы орын алған. Олар iPhone X және iPhone 8 Plus.

Сонымен қатар, ең үздіктердің қатарында Huawei Mate 10 Pro, Samsung Galaxy Note 8, LG V30, LG G6 және OnePlus 5T бар.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*