Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Теміржол өткелінде тоғыз адам қаза болды

дтп

Барлығы 36 адам зардап шеккен, 27-сі ауруханада жатыр, оның үшеуі – бала. Жаңаөзенге жақын маңдағы ауылда тепловоз бен «ГАЗель» автокөлігі соқтығысып, алдын ала мәлімет бойынша, алты адам көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған едік. Қаза болғандардың саны бүгін тоғыз адамға жетіп отыр. Бұл туралы  «Лада» басылымы жазды.

Апат кеше сағат 14:20-да Маңғыстау жол бөлімшесінің Өзен — Болашақ теліміндегі жол өткелінде болған.»60 км/с жылдамдықпен келе жатқан тепловоз машинисі жолдағы автокөлікті көріп, шұғыл тежегішті басқан. Пойызды тоқтатып үлгермеген «, — деп жазылған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарламасында.

Жаңаөзен прокуратурасы жол апатынан 36 адам зардап шегіп, оның тоғызы қаза болғанын анықтады, 27 адам ауруханаға жеткізлді. Сегіз адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың арасында үш бала бар. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себебін ҚТЖ-арнайы комиссиясы тергеп жатыр.

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*