Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Елордада үш күн ішінде 284 көші-қон заңнамасы бұзылған

Астананың тәртіп сақшылары елорда аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 284 фактісін анықтаған, деп хабарлайды Елорда инфо қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-ҚР аумағында болу ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша 251 шетел азаматы және шетелдiктерді қабылдаушы тұлғаның бекітілген ережені бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша қазақстандық  27 азамат, шетелдiк жұмыс күшiн пайдалану ережесін бұзғаны және шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша ҚР 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада. Сондай-ақ, шығару туралы соттың шешімін орындамағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 13 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Қазақастан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен 42 шетел азаматы елден шығарылды. Ал 118 шетел азаматының елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылса, ТМД 47 азаматы жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату орнына  жеткізілген. Барлығы 3 күн ішінде 884 910 теңге сомасында айыппұл салынды. Оның ішінде 510525 теңге өндірілді.

Астана қаласы ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Еркетай Туткушевтің айтуынша, жыл басынан елорда аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 275 шетелдік және азаматтығы жоқ тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылыпты. Оның ішінде 1674 шетел азаматы елден шығарылған. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 139 қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғаны және шетелдіктердің заңсыз жұмыс істегені үшін 147 мекеме әкімшілік жауапқа тартылған.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*