Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Республика аумағында алдағы үш күнде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады

Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар оңтүстік облыстардың ауа райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері және дүйсенбіде кей жерлерде жауын-шашын жауады,- деп хабарлайды  24.kz

Сонымен қатар жаңбырдың соңы қарға ұласып, тұман және көктайғақ болады деп күтіледі. Республиканың қалған территориясында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен тұман күтіледі және жекелеген аудандарда аздаған қар жауады. Ауаның температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан 3…6 градусқа жоғары болады.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*