Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Шәмші мен танысқан Шәмші

шәмші

Композиторлар Әбілахат Еспаев пен Шәмші Қалдаяқов күннің ыстығында Алматыдағы парк ішіндегі сыраханада сыра ішіп отырса,жандарына бір ұзын бойлы ажарлы жігіт келіп:

-Жігіттер мен Шәмші Қалдаяқов едім. Бас ауырып тұр, маған да сыра алдырмайсыңдар ма,-депті. Сонда Шәмші ағамыз орнынан ұшып тұрып:

-Өте қуаныштымын Шәмшіні көргеніме, қазір деп, екі крушка сыра әкеп, әлгінің алдына қойыпты.Әлгі жігіт қарап отырмай ыңырана сөйлеп: -Танысып қоялық,-депті.

Сонда Шәкең: -Мына кісі Әбілахат Еспаев деген композитор,мен болсам музыка академигі Ахмет Жұбановпын депті. Әлгі бұлардан күдіктеніп орнынан тұрыпты да,шығып кеткен.

Сәлден соң Әбілахат ағамыз,Шәмшіге ренжіп: -Баяғыда сүйегі қурап қалған  Ахаңда нең бар,өзіңнің аты-жөніңді айта бермедің бе?-деп назын айтқан. Сонда Шәкең: -Менің аты-жөнімді анау алып қойған жоқ па?Қалай айтам?,-депті.

БОЛАТ ОМАРАЛИЕВ

 

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. Қайрат: Не деген ғажап, қарапайым адамдар десеңші