Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Мәжілісте БАҚ заңындағы жеңілдіктер мақұлданды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып, ол екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Елорда инфо.

Депутаттар алдында баяндама жасаған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев қаралып отырған жаңа заң жобасында БАҚ саласындағы бірқатар құқық бұзушылыққа байланысты негізсіз қатаң шаралардың алынып тасталғанын, министрліктің жергілікті жерлердегі бөлімшелеріндегі әкімшілік кедергілердің жойылғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ақпарат және коммуникация саласының дамуына оң ықпал ететін заң жобасындағы кейбір баптарға байланысты баяндамашы «Бұқаралақ ақпарат құралдары өкілдерінің жазбаша сауалдарына бұрынғыдай 15 күн емес, 7 жұмыс күні ішінде жауап беру жөнінде шешім қабылданды.

Бұл БАҚ өкілдеріне өз кезегінде  талдау материалдарын шұғыл дайындап, журналистік зерттеу жүргізуге мол мүмікіндік береді. Ал мемлекеттік органдар қоғам үшін ашық болады» деді. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде азаматтардың суретін жариялау үшін олардың келісімі талап етілмейтіндігі жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін қуаттайтын қадам екендігі айтылды.

Заң жобасының негізгі мақсаты – БАҚ-тың дамуы үшін сапалы заңдық базаны нығайту. Осы негізде кейбір болмашы қателіктері үшін басылымдардың тиражын тәркілеп, қызметін тоқтататын жаза түрлерін алып тастап, әкімшілік жүктемелерді азайту ұсынылады. Заң жобасында ақпарат, байланыс және ақпараттандыру сияқты үш ауқымды сала қамтылып, олардың келешек даму мүмкіндіктері қарастырылған.

Аталған құжат бұқаралық ақпарат құралдарын, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру мен байланыс, ақпараттық қауіпсіздік саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы негізде 6 кодекс пен 16 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіген.+ Заң жобасы азаматтардың ақпарат саласындағы құқықтарын қорғауды күшейтіп, БАҚ қызметіне жаңа серпін берері, сөйтіп ақпарат алу мүмкіндіктерін бұрынғыдан да ұлғайтып,  қолданыстағы заңнамалардың ішкі үйлесімін қаматамасыз етері сөзсіз. Заң жобасы Сенат қарауына жіберілді.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*