Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Түркия Қазақстаннан түрік лицейлерінің мұғалімдерін қайтаруды талап етуде

Түркия Қазақстандағы түрік лицейлерінің мұғалімдерін ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленмен қатысы бар деп айыптап, елге қайтаруды талап етіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан президенті осыған дейін мұғалімдерді Түркияға бермейтінін мәлімдеген. Бірақ соған қарамастан түрік билігі оларға босқын мәртебесін бермеуді талап етеді.

Тамыз айында миграциялық қызмет өкілдері ағарту-инновациялық лицейдің Түркиядан келген мұғалімі Осман Демирелдің үйінің есігін қаққан. Олар қыздарының мерзімі өтіп кеткен құжаттарын сұраған. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы Түркия елшілігі құжаттардың мерзімін ұзарту туралы өтініштеріне құлақ аспаған.

Заңгер Әлібек Смаилов Түркиядан келген мұғалімдер Қазақстанда босқын мәртебесін сұраған күннің өзінде, оларға беруі екіталай дейді. Расында миграциялық қызмет оларды елінде қудалап жатқаны жөніндегі құжаттары жеткіліксіз дейді.

Қазақстанда қазіргі уақытта қазақ-түрік мектептерінің түлектері арасында мұғалімдерін қорғауға арналған флешмоб жүріп жатыр. Қазақстанда өткен жылы түрік лицейлері ағарту- инновациялық лицейі болып өзгертілген.

Бүгінгі күні 27 мемлекеттік, 3 жеке лицей, 2 халықаралық мектеп, 2 колледж бен 1 Сүлеймен Демирел атындағы университет бар.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*