Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Мүлік иесін бопсаламақ болды да, тұтылды

заң

Қазақстан Республикасы конституциясында азаматтардың құқын қорғау, жеке өміріне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше бап бар. Яғни, біреудің жеке өміріне араласып, жек едеректерін жраиялап жіберсеңіз жауапкершілікке тартыласыз. Бірақ, біздің қоғамда мұны ескермейтіндер аз емес. Жеке деректерді әлеуметтік желілер мен интернет сайттарына жариялаудан бөлек, адамдарды бопсалау үшін де пайдаланатындар бар.

Жақында Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен екі азамат сотталды. Себебі, әлгі екі азамат біреудің жоғалтып алған смартфонындағы деректерді пайдаланып, мүлік иесін бопсаламақшы болыпты. Себебі, смартфонда ер азамат пен әйелдің интимдік фотолары болған екен. Осы жағдайды бас пайдаларына жаратпақ болған екі азамат смартфон иесінен 120 мың теңге талап етіпті. Әйтпесе, суреттерді желіге жариялаймыз деп қорқытса керек. Бірақ, арам ойлары жүзеге аспай, құқық қорғаушылардың қолына түсіпті.

Еліміздің Ата заңының 18 бабының бірінші тармағында «Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар»,-делінген. Ал, 34 баптың 1 тармақшасында «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті»-деп тұр. Былай қарасаңыз қарапайым ғана қғаидалар сияқты болып көрінеді. Алайда, осы қарапайым ережелердің конституциялық мәртебесі бар. Ал, Конституцияның 26 бабының 3 тармақшасында «Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін» деп тұр. Соңғы бапты тәпсіріне көз жүргіртер болсаңыз, оның өзгенің мүлкін біреудің иеленіп кетуіне жол бермейтін норма екендігін байқайсыз. Тіпті, тауып алған мүліктің де иесі бар. Демек, оны иеленіп алу дұрыс емес. Біз сөз етіп отырған тұлғалар Конституцияның бұл баптарын назарға алмаса керек. Сонsң нәтижесінде істі болып отырған жайы бар.

Оқиға 2017 жылдың тамыз айында болыпты. Тамыздың 20-нан 21іне қараған түні елордадағы ірі сауда ойын-сауық кешендерінің бірінің жанынан екі азамат моблиьді телефон тауып алған. Құрылғыны әрі-бері шұқылаған «жолы болғыштар» смартфон ішінде ер адам мен әйелдің интимді фотолары бар екенін байқапты. Сөйтіп, олар әлеуметтік желілердің бірі арқыkы гаджеттің иесіне шыққан және одан смартфонды қайтарып алу үшін 120 мың теңге сұрапты. Ал сұраған соманы бермеген жағдайда суреттерді интернетке жариялайтындығын айтқан. Шамасы гаджеттің иесі өз құқын білетін, сергек азамат болса керек, тиісті органдарға хабар беріпті. Осылайша, 24 тамызда гаджет иесінен сұраған соманы алып тұрған жерінен полицейлер әлгі азаматтарды ұстаған. Қолға түскен азаматтардың бірінің телефонынан әлгі интимді фотолар мен жоғалған гаджет иесіне жазғанхаттар табылған. Осылайша бұлтартпас айғақтармен екі «пысық» қолға түссе керек. Ал, олардың соты жақында өтті.

Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімі бойныша олжаға кенелмек болған азаматтардың бас бостандықтары шектеліпті. Оларға Конституцияның сөз басында біз айтқан үш бабын бұзғаны жөнінде айып тағылған. Сонымен қатар, адамдарды бопсалағаны үшін кінәлі деп танылыпты. Сөйтіп, тауып алған олжаларын иесіне дұрыс қайтарып бере салудың орнына ақша талап еткен пысықтар бастарына бәле тілеп алған жайы бар. Сот үкімі бойынша оларға үш жыл бойы бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Қылмыстық жолмен қолға тсүірген мүлік тәркіленді. Одан бөлек сотталғандардың біреуі жылына 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілетін болды.

Бұл оқиғаның қоғам үшін сабақ болар тұсы бар. Оқиға құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру мәселесінде нақты мысал бола алады. Қандай да бір затты тауып алсаңыз, оның иесі болу ымүмкін екендігін ұмытпағайсыз. Өйткені, ол өзгенің мүлкі. Оны иемденіп кетуге болмайды. Жапония, Германия сияқты елдерде қандай да бір жерге ұмыт қалдырған затыңызға ешкім тиіспейтіні туралы сол жақтарға барғандар жиі айтушы еді. Шамасы ол әлгі елдерде құқықтық мәдениеттің жоғары екендігін көрсететін болса керек.

Ардагелді САЯСИ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*