Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Тәртіп жолаушыға да, жолаушы тасымалдаушыға да ортақ

Біраз бұрын Nukte.kz  сайтында «Жемқорлық жолақыдан басталады»   деген мақала шыққан.  Онда  автор  қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустарда  жол  жүру  билетін бермейтіндердің кездесіп қалатынын,  жолаушылардың да жол жүру  билеттерін талап етпейтінін айтқан. Көбімізге таныс көрініс бұл.  Тек,  мұндай әрекеттер үшін де  біздің заңдарда  нақты жауапкершілік  жүктейтінін  қос тарап та  білмейтін тәрізді.

пойыз, жолаушы

@today.kz

Өткен  көктемде  Астанадан  Алматыға баруыға тура келді.  Пойызға билетті,  пойызға болғанда жүрдек Тальго   пойызына   бірнеше  күн  бұрын алмақ  болғанбыз.  Онлайн билет сату жүйелері арқылы іздестірсек,  купелер мен  плацкарттарда  орын жоқ деп көрсетіліп тұр екен. Тек отырып қана баратын вагондарда бірнеше орын қалыпты. Билетті  сол вагондардың біріне алдық. Тальго пойыздарының  Астанадан Алматыға дейін  12-13 сағат  қана  жүретінін ескердік те,  жантайып жатпасақ та, таңертең шығып, кешке  жетерміз деген ой болған. 12 сағатыңыз  тым  көп уақытта емес.  Сөйтіп,  вокзалға барғанбыз.

Бірақ,   жолда  аздаған кептелектерге   ұрындық та, пойыз жүрерден  небары  5 минут бұрын ғана  вокзалға жеттік. Жанталасып, өз вагонымызды іздеп жүрсек, ол пойыздың басында  болып шықты. Жолай  жолсеріктердің бірі біздің алқынып келе жатқанымызды көріп, «Бауырым біздің вагонға міне сал,  өз орныңа кейін вагондардың ішімен жетерсің.  Пойыз жүргелі тұр»,-дегені. Әрине,  ойланып жатпастан әлгі вагонға қойып кеттік. Сөйтсек, ол купе  вагоны екен.

Әрине,  қайырымдылық жасаған  жолсерікке разымыз. Көмегі  тиді. Бірақ, әлгі вагон бос.  Әрі кетсе екі-үш купеде ғана адам бар екен. Өзгесінде ешкім жоқ.  Пойыз қозғалған соң  жолсеріктен  жөн сұрап,  өз вагонмызға бармақ болғанымыз сол еді, ол купеде қала беруімізді,  іштегі  терминалдар арқылы  қосымша ақы төлеп  бір орынға жайғасуға  болатынын айтты. Сөйтіп,  отыратын вагонға  билет алып,  купемен Алматыға жетіп алғанымыз бар.

Бір қарағанда  біздің бастан өткен оқиғаның еш сөкеттігі жоқ. Жолсеріктер жақсылық жасады бізге.  Алайда,  заң деген бар,  тәртіп деген бар.  Көп жағдайда  жолаушылардың өздері де, оларды билетсіз мінгізіп алатын  жолсеріктер мен автобус  жүргізушілері де   «Әкімшілік  құқық бұзушылық  туралы»  Кодекс талаптарын  бұзып жатады. Ұсақ-түйек  тәрізді  болып көрінгенімен  билетсіз пойыз бен автобусқа мінгізу ең алдымен  жемқорлықытң  бір сипат болса, екіншіден құқық  бұзушылыққа төзбестікті қалыптастырудағы  үлкен кедергі.

Бәлкім, «ең алдымен  адамға қызмет көрсетілуі керек»   дейтін шығарсыз. Дұрыс. Бірақ, заң талаптары  аяққа тапталған қоғамда  даму да болмайды, бақуатты өмір сүру де мүмкін емес.  Сөз басындай айтқанымыздай  пойыздарға  билеттерді алдын ала сатып алып, алыпсатарлық жасайтындар да,  билетсіз  жолаушыны көлікке мінгізіп алатындар да,  билет алмай «саудаласып»  пойыз бен автобусқа мінгісі келетіндер де  заң бұзып тұр. Мұндай жағдайда біріеу баиды, біреу өз құқын  қорғай алмайды, мемлекеттік қазынасына қаржы түспейді. Ал ол қаржы қариялардың зейнетақысы, студентетрдің шәкіртақысы,  әлеуметтік  төлемдер болып  бұқараға қайтатын ескермейміз. Билетсіз  жүру сөз етуге тұрарлық  дүние   болмауы мүмкін.

Алайда астары тереңге кетеді. Егер әр пойызда билетсіз 50  жолаушы   жүрсе,  олардың  билеттерінің  орташа құны 2500 теңге  болса, бір рейсте 125000  теңге  өзгенің қалтасында кетті деген сөз. Бұл дегеніңіз кемі  12500 теңге болатын салық.  Ал 12500 теңгеніңіз  студенттің  бір айлық стипендиясының жартысы. Енді мұны  күнделікті жүріп жататын сансыз пойыздар мен  автобустарға  қатысты есептеңіз. Ойша   болжам жасаңыз. Сонда,   билестіз жүрудің  қаншалықты  зиян шектіретінін  байқайсыз. «Енді не істемек керек?», – дейсіз ғой, мұндай заңсыздықтарға  жол бермес үшін  әр азамат өз құқын білуі  тиіс. Билетсіз  жүрудің де,  билет талап етпей, мінгізіп алған жолсеріктердің де жауапкершілігі бар екенін  білмек керек. Мәселен,  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Кодекстің 623 бабы «Жолаушыларды  билетсіз алып жүру» деп аталады. Онда  билетсіз алып жүргендерге байланысты салынатын айыппұл  мөлшері  көрсетілген. Әлгі бапта  былай деп тұр;

623-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру

      Жолаушыларды билетсiз алып жүру:

      1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –

      сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      3) халықаралық қатынастағы поездарда –

      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде –

      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде –

      алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде –

      алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      9) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және маршруттық таксиде –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста – жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Міне, көрдіңіздер ме, заң бойынша әр әрекетке жауап беруге тиіспіз. Жолсеріктер мен автобус жүргуізшілері де,  кондукторлар да  жауапкершілік жүктейді. Демек,  мұндай  заңсыздықтар бола қалған жағдайда  тиісті органдарға хабар бермек керек.  Сөйтіп,  мұндай келеңсіздіктермен  қоғамдық негізде  осылай күресуге болады.

Айтпақшы,   билетсіз жүрудің  жолаушыға пайдасынан гөрі зияны басым. Ұсталсаңыз, айып төлейсіз. Мұны бір деп қойыңыз. Екіншіден,  «жаман айтпай, жақсы жоқ» сапар кезінде басыңызға қандай да бір іс түссе, мәселен жарақат алсаңыз, қандай да бір шараға кешіксеңіз  жолаушы  тасымалдайтын компанияларға сөзіңіз өтпейді. Жол апаты бола қалса немесе  өзге  форс-мажор жағдайларда ешкім сізге  өтемақы төлемейді. Өйткені, сіздің сол көлікте болғаныңызды дәлелдейтін құжат жоқ. Жол жүру  билеті сол сбеепті маңызды. Кейде ол сақтандыру полисінің рөлін де атқаруы бек мүмкін. Ендігісін өзіңіз бағамдаңыз.

Ардагелді САЯСИ

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*