Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталады

Ертең, 2017 жылғы 16 қарашада, «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» атты конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

құқық бұзушылық, конкурс

Ұлттық Интернет Ассоциациясы биылғы 21 шілдеден бастап ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде»  атты жобаны жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаттары ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және блогерлер үшін  Қазақстанда ашықтық  пен  есеп берушіліктің тиімді құралдарының мәселелері бойынша қызметті ұйымдық сүйемелдеу және қоғамдық бақылау   және   ақпаратқа қолжетімділік құралдарын әзірлеу болды.

Осы жоба аясында 2017 жылғы 21 қыркүйек пен 13 қараша аралығында азаматтық қоғам саласындағы өзекті мәселелерді Интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистер мен блогерлер арасында конкурс өткізілген болатын.  Конкурс «Үздік мақала», «Үздік видеоматериал» және «Әлеуметтік желідегі үздік пост» номинациялары бойынша өтті. Конкурсқа 100-ден астам материал қабылданды. Конкурсқа негізінен жас журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты. Материалдар «Nukte.kz» ақпараттық агенттігінің сайты мен парақшасына салынып отырды.

Осы аталған конкурстың қорытындысы ретінде 16 қазан күні жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында болады.

Өтетін орны, күні және уақыты: Астана қаласы, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13, 5-қабат, 16.11.2017 ж., 15 сағ. 00 мин.

Байланыс: nukte.kz, info@uia.kz, +77079524064

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*