Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкер И-ден жол-көлік оқиғасынан келген залалды өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.

дау, медиация, сот

Талап қоюшы Е. талап арызында, Арал қаласы Абай көшесі бойында жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан автокөлігіне залал келгенін көрсетіп, жауапкер Е-ден 326 490 теңге шығынды және айып тұрағына төлеген 39500 теңгені өндіріп беруді сұраған.

Тараптар сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. Медиациялық келісімге сәйкес, талапкер талабындағы 326 490 теңге шығынды өндіру мәселесімен «Казахинстрах» сақтандыру компаниясына жүгінетін болып, одан еш нәтиже болмаған жағдайда ғана жауапкерге талап қоюмен жүгінетінін көрсеткен және айып тұрағына төлеген 39500 теңгені жауапкердің төрт айға бөліп төлеуіне келісімін берген, ал жауапкер өз кезегінде талапкерге айып тұрағына төлеген 39500 теңгені айына 10 000 теңгеден төлеп құтылуға міндеттенген.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*