Тараздық құқық қорғаушылар «Қауіпсіз Тараз» жобасын іске асыруда

Тараздық құқық қорғаушылар қылмыстың алдын алмақ.
Бұл үшін прокурорлардың бастамасымен«Қауіпсіз Тараз» жобасы жүзеге асырылады. Биыл аймақта 10 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелсе, оның 62 пайызы облыс орталығына тиесілі. Сондықтан қадағалаушы орган өкілдері қылмыс көп жасалатын аумақтарды арнайы картаға енгізді. Енді жобаға сәйкес қала ішінде 11 мобилдік топ жұмыс істейді.
Бекзат Сейілханов, Тараз қаласының прокуроры:

– Қылмыс жыл сайын төмендегенмен, кейбір жағдайларда аса ауыр, оның ішінде жасөспірімдерге қатысты бұрын сотты болған азаматтардың қылмыстары өскен. Осының барлығы себеп болып, концепция құрдық. Оны орындау үшін бағдарламамен жұмыс істеп отырмыз.

 

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*