Қазақстанда ажырасқандарға айыппұл салынбақ

ажырасу

Сенатор Әли Бектаев некесін бұзғандарға баж салығын барынша көтерейік деген ұсыныс жасады. Сонда артық шығынды ауырсынған жанұялар ажыраспайды екен,-деп жазды stan.kz КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Елімізде отбасындағы қиындықты көтере алмай, екі жаққа кеткен жұптар  саны күн санап көбеюде дейді депутат. Соңғы 5 жылда 51 775 шаңырақ шайқалған.

Егер неке бұзғаны үшін баж салығын еселеп көтерсек, отбасын да сақтап қалуға болады деп сенеді сенатор. Қазір ата-аналар тәрбиеге де жүрдім-бардым қарайтын болған. Бар жауапкершілікті мектепке артып қою дұрыс емес. Ұл мен қызы қылмыс жасаса, әке-шешесін де жазаға тартайық деп отыр Бектаев.

Ал заң бұзған әйелдерге кешіріммен қарауға шақырды.  Қыз-келіншектерге жазаны барынша жеңілдетіп, абақтыны айыппұл салумен  ауыстыруды және әйелдер түрмесін шетінен жауып тастауды ұсынды. Қазір еліміздегі 6 әйелдер түрмесінде 2 мыңнан астам қыз-келіншек жазасын өтеуде.

«Отбасылық өмірдің рухани негіздері деген арнайы пән әзірлеп, оған лайықты оқулықтар дайындап, мектеп бағдарламасына енгізуді. 5 және одан көп бала туған аналарға әлеуметтік жалақы дайындап, бала күтіміндегі уақытты еңбек өтіліне теңестіруді.Түрмеде отырғандар санын бірте-бірте азайта отырып, әйелдер түрмесін мүлдем қысқарту шараларын қарастыруды ұсынамыз»,-дейді  Сенат Депутаты Әли Бектаев.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*