Өскемен мен Семейдегі қоғамдық көліктердің жағдайы cын көтермейді

автобус
Шығысымыздың екі алып қаласы Өскемен мен Семейдегі қоғамдық көліктердің жағдайы мәз емес. Бұл туралы кеңейтілген отырыста облыс әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жалпы аймақ бойынша көлік құрылымы ұзақ жылдар бойы жаңартылмай келеді, алайда тасымалдаушылар тарифтерді көтеруден еш арланбайды. Тариф жаңарғанмен, автопарктер ескі күйінде қашанға дейін қала бермек?

Осы сауалды аймақ басшысы көтерді. Бұл мәселе тек автопарктерге ғана емес, Өскемендегі трамвай паркіне де қатысты болып отыр. Кәсіпорынның жылжымалы құрамының ауыспағанына бірнеше жылдың жүзі болса да, электр энергиясы бойынша қарыздары өте жоғары екен.

Өскемендегі қолданыстағы трамвайлардың әбден тозығы жеткен. Ал Семейдегі автопарктің жаңармағанына 10 жылдан астам уақыт болыпты.

– Кезекті апатты күтіп жүрсіздер ме? Немқұрайлықтың салдарынан мұндай апат міндетті түрде орын алатыны сөзсіз, – деді аймақ басшысы.

Енді он күндік мерзім ішінде кәсіпкерлер қадағалаушы органдарға қоғамдық көліктерді ауыстыру бойынша жоспар ұсынуға тиіс.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*